Жиі қойылатын сұрақтар
Санаторий-курорттық емделу қызметі медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда көрсетілмейді. Медициналық қарсы көрсетілімдерге, оның ішінде, мыналар жатады:
1. Жіті немесе асқыну сатысындағы аурулар, сондай-ақ стационарлық емдеуді немесе хирургиялық араласуды қажет ететін жағдайлар.
2. Оқшаулау мерзімі аяқталмаған инфекциялық аурулар.
3. Жіті немесе жұқпалы түрдегі венерологиялық аурулар.
4. Қатерлі жаңа өскіндер.
5. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын және тұрақты күтімді қажет ететін аурулар (мамандандырылған санаторийлерді қоспағанда).
6. Нашақорлық пен созылмалы алкоголизмнің барлық түрлері.
7. Медициналық қорытындымен рұқсат етілмеген психикалық және мінез-құлық бұзылыстары.
8. Ұстамалармен өтетін эпилепсия және эпилепсиялық синдромдар.
9. Синкопалдық жай-күйлер.
10. Эхинококкоздың барлық түрлері.
11. Жиі немесе көп мөлшердегі қан кетулер.
12. Акушерлік патологиясы бар жүктілік, сондай-ақ 18 аптадан бастап қалыпты жүктілік.
13. Туберкулездің белсенді сатысындағы барлық түрлері.
14. III дәрежелі дистрофия.
15. Жүрек ырғағының күрделі бұзылыстары, жүрек және тыныс алу жеткіліксіздігінің III дәрежесі және одан жоғарысы.
16. Декомпенсация сатысындағы аурулар.
17. Терінің іріңді және жұқпалы аурулары.
18. II–III дәрежелі анемия.
Мүгедектігі бар адамға жеке көмекшінің қызметтерін алу жеке абилитация және оңалту бағдарламасының (бұдан әрі-АОЖБ) негізінде жүргізіледі. Мүгедектігі бар адам АОЖБ негізінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) өтініш береді. Өтініш ХҚКО-да тіркелгеннен кейін мүгедектігі бар адам әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы негізінде жеке көмекшінің қызмет көрсетушісін таңдайды (егер мүгедекте компьютер және басқа құралдар болмаса, онда ол осы мәселені шешуге көмектесетін консультанттары бар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіне алады) Әлеуметтік қызметтер порталында жеке көмекшінің қызмет көрсетушісін таңдағаннан кейін мүгедек жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға шарт жасасады.
Өтінішті қайтарып алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1) https://eotinish.kz сайтында авторизациядан өту;
2) «Менің өтініштерім» бөлімінен қайтарып алғыңыз келетін өтінішті табу;
3) кері қайтарып алуға арыз жіберу үшін «Өтінішті кері қайтарып алу» батырмасын басу;
4) себебін көрсетіп, ЭЦҚ немесе Digital ID арқылы қайтарып алуға қол қою;
5) мемлекеттік орган кері қайтарып алу өтінішін қарайды. Мемлекеттік орган қайтарып алуды қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін. Оң жауап болған жағдайда «Кері қайтарып алынды» мәртебесі шығады. Қабылданбаған жағдайда өтініш мәртебесі кері қайтарып алуға арыз жібергенге дейінгі мәртебеге оралады.
ҚР «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» бойынша өтініштерді қараудың өзінің заңдылығы бар.
Өтініштерді қарау мерзімі:
- қарау үшін ақпарат алу немесе талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;
- ақпарат алу немесе тексеру талап етілмейтін өтініштер күнтізбелік 15 күн ішінде;
- қарау мерзімі ұзартылса өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады. Өтінішті қарау мерзімін басшы немесе оның орынбасары ұзартады.
Егер мәселе ұзақ уақытта талап етсе, өтініш бақылауға қойылады және өтініш берушіге күнтізбелік 3 күн ішінде хабарланады.
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер,ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшері:
1)көтерме жәрдемақы жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит: ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген
мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың бес жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін құрауы мүмкін, төлемнің мөлшері - табыстың орташа айлық мөлшеріне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құқығы бар адамдар оны тағайындау үшін жүгіне алады:
- жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына;
- адамды жұмыссыз ретінде тіркеу және «бір өтініш» қағидаты бойынша өтініш жасау кезінде тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына;
- жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде «электрондық үкіметтің» веб-порталына;
- Enbek.kz порталында жұмыссыз ретінде тіркелген болса, осы порталда.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем тағайындау үшін ұсыну қажет:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, мансап орталығына:
-өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі.
Көшеге кісі есімін беру үшін алдымен оның есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. «Тарихи тұлғалар» тізімі екі жылда бір рет өзектендіріледі.
Тұлғаның есімін өзектендірілетін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін жергілікті әкімдіктер құжаттардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 25-5 бабы: «Ономастика жұмысының критерийлеріне» және Әдістемелік ұсынымдарға сәйкестігін ономастикалық жұмысшы тобының отырыстарында қарайды, қолдау тапқан ұсыныстар облыстық ономастика комиссиясының, әрі қарай Республикалық ономастика комиссиясының отырыстарында қаралады. Республикалық ономастика комиссиясы облыстардан түскен ұсыныстарды сараптап, нәтижесімен «Тарихи тұлғалар» тізімін бекітіп, басшылыққа алып жұмыс жасау үшін әкімдіктерге жолдайды.
«Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген тұлғалар бойынша Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасына» сәйкес көшеге атау беру жұмыстарын ұйымдастырады. Қағидаға сәйкес жергілікті қоғамдастық жиыны өткізіледі, ұсыныстар қалалық, аудандық мәслихаттың бірлескен шешімімен облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолданады. Облыстық маңызы бар қаланың көшесіне атау беру туралы ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады
Ұсыныстарды қарау нәтижесімен облыстық, Республикалық ономастика комиссиялары Қорытынды береді. Берілген қорытынды негізінде кент, ауылдық округ әкімдері шешім шығарады. Аудандық маңызы бар қалалардың көшелеріне шығарылған облыстық ономастика комиссиясының Қорытындысына Республикалық ономастика комиссиясының келісімі алынғаннан кейін, аудандық сессияда қаралып, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешімі шығарылады. Облыстық маңызы бар қаланың көшелеріне атау беру туралы ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясысының Қорытындысы негізінде облыстық мәслихаттың сессиясында қаралып, облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімі шығарылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша ІІ бағытына жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері қатыса алады. Шағын несие кепілдік арқылы жылдық пайызы 6% аспайды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде бизнес жобаларды несиелендіру.Жобаларды несиелендіру екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің шешімімен, алынған несиенің пайыздық ставкасының бір бөлігі (пайыздық ставка 19 пайыз, субсидияланатын бөлігі 10 пайыз, субсидияланбайтын бөлігі 9 пайыз) субсидияланады сонымен қатар, кепіл мүлігі жетпеген жағдайда, несие сомасы ішінара (50пайызға дейін) кепілдендіріледі.
«Даму Өңірлер» бағдарламасы.Бағдарлама шеңберінде несиелендіру екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылады. Несие бойынша жылдық пайыздық ставка 8,5 пайызды құрайды. Несиелендірудің максималды сомасы 180,0 млн теңгеге дейін. Құны 20,0 млн теңгеге дейінгі жобаларға несие Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің шешімінсіз беріледі, 20,0 млн теңгеден жоғары жобалар кеңес қарауына ұсынылады.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №55 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезекке тұру үшін бірінші кезекте кезекке тұратын азаматтың атына соңғы 5 жылда тіркелген тұрғын үй болмауы керек.
Кезекке тұру үшін.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы мен www.e.gov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қажетті құжаттар тізімі:
- Некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейін) куәліктердің көшірмесі;
- Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған тиісті жергілікті атқарушы органның анықтамасының электрондық көшірмесі;
- Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын көрсетілетін қызметті алушы (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаған кезде қосымша ұсынады:
- Өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне табысы туралы анықтама;
- Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде:
- Жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманың электрондық көшірмесін қосымша ұсынады;
- Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер:
Қазақстан Республикасының Үкіметі берген, олардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;
- Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы:
- Тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес, табыстары облыста бекітілген кедейлік шегінен төмен отбасылар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына, орталық болмаған жағдайда кент, ауылдық округ әкімдігі арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш білдіруге болады.
Жүгіну барысында отбасының табыстарын алдын-ала есептеу, отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және өзге де әлеуметтік бейімдеу шараларына қатыстыру мәселелері бойынша кеңес беру және өтініш қабылдау жұмыстары жүргізілетін болады.