Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес, табыстары облыста бекітілген кедейлік шегінен төмен отбасылар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына, орталық болмаған жағдайда кент, ауылдық округ әкімдігі арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш білдіруге болады.
Жүгіну барысында отбасының табыстарын алдын-ала есептеу, отбасының жұмысқа қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту және өзге де әлеуметтік бейімдеу шараларына қатыстыру мәселелері бойынша кеңес беру және өтініш қабылдау жұмыстары жүргізілетін болады.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 маусымдағы №55 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезекке тұру үшін бірінші кезекте кезекке тұратын азаматтың атына соңғы 5 жылда тіркелген тұрғын үй болмауы керек.
Кезекке тұру үшін.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы мен www.e.gov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қажетті құжаттар тізімі:
- Некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейін) куәліктердің көшірмесі;
- Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған тиісті жергілікті атқарушы органның анықтамасының электрондық көшірмесі;
- Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын көрсетілетін қызметті алушы (жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтініш жасаған кезде қосымша ұсынады:
- Өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде отбасының әрбір мүшесіне табысы туралы анықтама;
- Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде:
- Жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманың электрондық көшірмесін қосымша ұсынады;
- Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер:
Қазақстан Республикасының Үкіметі берген, олардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады;
- Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы:
- Тиісті уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша ІІ бағытына жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері қатыса алады. Шағын несие кепілдік арқылы жылдық пайызы 6% аспайды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде бизнес жобаларды несиелендіру. Жобаларды несиелендіру екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің шешімімен, алынған несиенің пайыздық ставкасының бір бөлігі (пайыздық ставка 19 пайыз, субсидияланатын бөлігі 10 пайыз, субсидияланбайтын бөлігі 9 пайыз) субсидияланады сонымен қатар, кепіл мүлігі жетпеген жағдайда, несие сомасы ішінара (50пайызға дейін) кепілдендіріледі.
«Даму Өңірлер» бағдарламасы. Бағдарлама шеңберінде несиелендіру екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылады. Несие бойынша жылдық пайыздық ставка 8,5 пайызды құрайды. Несиелендірудің максималды сомасы 180,0 млн теңгеге дейін. Құны 20,0 млн теңгеге дейінгі жобаларға несие Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің шешімінсіз беріледі, 20,0 млн теңгеден жоғары жобалар кеңес қарауына ұсынылады.