Жиі қойылатын сұрақтар
ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90 бабының 1-ші тармағына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға міндетті.
Тіркелу үшін «e-Otinish»ақпараттық жүйесіне жазбаша өтініш жазып, тіркелуге болады. Кезегі келген кезде қабылдау күні алдын ала хабарланатын болады.
Кепіл мүлік болмаған жағдайда Лизинг бағдарламасы арқылы Өнім өндіру және қайта өңдеу кезінде пайдаланылатын жабдықтарды, модульдік цехтарды, өндірістік желілер мен тоңазытқыш жабдықтарды сатып алуға болады. Оған Жобаның кемінде 25% өз қаражаты болуы тиіс (немесе лизинг сомасының 50%-дан кем емес жылжымайтын мүлік) Максималды несие сомасы: 86,5 млн теңге. Пайыздық мөлшерлемесі: 10% Несие мерзімі: 60 айға дейін. Жеңілдік мерзімі: 12 айға дейін беріледі.
Кепілге жылжымайтын мүлік қойылады. Несие алушының және жұбайының, кепіл иесінің несие тарихы бойынша мерзімі өткен күндер саны 90 күннен аспауы қажет.
Мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант қаражатының 2 түрі бар 1-ші 400 АЕК (шамамен 1,73 млн теңге) көлеміндегі қайтарымсыз мемлекеттік грант жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға беріледі. Оны алу үшін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу, бизнес-жоспар қорғау және әлеуметтік осал топтарға (жұмыссыздар, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар жандар) жату шарт. Өтінімдер Business.enbek.kz порталы арқылы қабылданады.
2-ші кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 5 миллион теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант қаражаты.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі болып танылу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін жүргізу қағидаларынаң 4 санатына сәйкес құжаттар ұсынылады.
Шағын және орта бизнесті қаржыландыратын негізгі бағдарламалар: «Ауыл аманаты», Өңдеу және өнеркәсіп пилоттық жобасы, Іскер бағдарламасы, Лизинг, Даму өндіріс бағдарламалары.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді тоқтату төмендегі жағдайларды тоқтатылады.
1.Қызмет алушылардың жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабылетсіз адамдар үшін - заңды өкілдерінің жазбаша өтініші;
2.Мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;
- Стационарлық немесе жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген кезде;
- Қызметтерді алушы басқа елді мекенге көшкен кезде;
5.Қызметтерді алушы немесе оның отбасы мүшелері тарапынан күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерге негізсіз оның адами құндылықтарын кемсітетін сөздер айтылған және кінә тағылған, ол куәгерлердің жазбаша көрсеткіштерімен расталған кезде;
- Ақылы арнаулы қызметтер көрсету туралы шарт бұзылған кезде;
7.Қызметтерді алушы қайтыс болған кезде;
8.Білім беру ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер алған жағдайда жүзеге асырылады.
Табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалады деген ақпаратт шындыққа сәйкес келмейді.
Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлаймыз. Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу үшін пайдаланатынын азаматтардың есіне саламыз .
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы № 427 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуші халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жергілікті атқарушы органдары болып табылады.
Өтініштерді қабылдау және қызмет нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе тікелей мемлекеттік орган немесе «электронды үкіметтің веб порталы» арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі мынадай:
- нысан бойынша өтініш
- жеке басын куәландыратын құжат немесе қызметті алушының цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат
- азаматтың әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі
- неке қию немесе бұзу туралы куәлік
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы
- Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғаны туралы мәліметтердің жоқ екені туралы анықтамалар
- 18 жастан асқан отбасы мүшелерінің әлеуетті қамқоршысымен бірге тұратын барлық адамдарға қамқоршылық белгілеуге жазбаша келісім
Қызмет көрсету мерзімі 19 жұмыс күнін құрайды.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 133-бабы, 2023 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №523 қаулысына сәйкес, Қызылорда облысы Шиелі аудандық маслихатының 2023 жылғы 14 қарашадағы №7/5 шешімі негізінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға бір реттік
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.