Жиі қойылатын сұрақтар
Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен (орташа есеппен табыстың 70%-ынан) аспайтын жан басына шаққанда, яғни 36702 теңгеден (2026 жылдың 1 тақсанға кедейлік шегі) төмен табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Азамат(ша) өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша Жер қатынастары бөліміне өтінішпен жүгінеді. Құжаттар толықтырылып, рәсімделгеннен кейін азаматтар үшін арналған Электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы қосымша жерді қосып алу үшін өтініш беріледі. Жер қатынастары бөлімі өтінішті Жер комиссиясына ұсынады. Комиссияның оң қорытындысы негізінде тиісті Шиелі кенті әкімдігінен шешім қабылданады және қосымша жері ресми түрде тіркеледі.
Азамат(ша) өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша Жер қатынастары бөліміне өтінішпен жүгінеді. Құжаттар толықтырылып, рәсімделгеннен кейін азаматтар үшін арналған Электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы нысаналы мақсатты өзгертуге өтініш беріледі. Жер қатынастары бөлімі өтінішті Жер комиссиясына ұсынады. Комиссияның оң қорытындысы негізінде тиісті Шиелі кенті әкімдігінен шешім қабылданады және нысаналы мақсат өзгерісі ресми түрде тіркеледі.
«Күміс алқа» иегерлеріне ай сайын стандартты салықтық шегерім қолданылады.
Бұл дегеніміз — табыстың белгілі бір бөлігі салық салудан босатылады (шегерім мөлшері айлық есептік көрсеткішке байланысты белгіленеді). «Күміс алқа» иегерлері бір тұрғын үй, пәтер немесе басқа жылжымайтын мүлікке белгіленген шекте салық төлеуден босатылады.
Жеке тұрғын үйге немесе үй іргесіндегі жер учаскесіне қатысты жер салығынан босату қарастырылған (белгіленген көлем шегінде).
Қозғалтқыш көлемі белгіленген шектен аспайтын бір автокөлікке салық төлеуден босату мүмкіндігі бар.
Жерді беру туралы шешім, келісім-шарт, меншік куәлігі
Егер жер учаскесі мемлекет меншігінде болса, өтініш әкімдікке беріледі. Жер учаскесін пайдалану құқығын растайтын құжаттар тапсырылады.
Қазақстанда III топ мүгедектігі бар адамдар үшін салық саласында бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.
III топ мүгедектігі бар тұлғалар үшін ай сайын стандартты салықтық шегерім қолданылады.
Бұл дегеніміз — табыстың белгілі бір бөлігіне салық салынбайды (шегерім мөлшері айлық есептік көрсеткішке байланысты белгіленеді).
Меншігіндегі тұрғын үй, пәтер, гараж және басқа да жылжымайтын мүлік бойынша белгіленген шекте бір нысанға салық төлеуден босатылады.
Жеке тұрғын үйге, үй іргесіндегі жер учаскесіне қатысты белгіленген көлем шегінде жер салығынан босату қарастырылған.
Жеке куәлік-4 дана
Неке қию куәлігі-2 дана
Туу туралы куәлік балалардың-2 дана (жеке куәлігі бар болған жағдайда қоса тігіледі, жсн)
Тұрғылықты мекен-жайы-2 дана (егов порталынан)
Жұмыс орнынан анықтама, БИН- (жұмыс жасаған жағдайда)
Анықтама (сотылығы жоқ делінген)
Мұқаба (скоросшиватель)-2 дана
Күйеуінің жеке куәлігі-2 дана
Көшеге атау беру мәселесі «Әкімшілік-аумақтық бөліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзектендіру кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Көшеге кісі есімін беру үшін алдымен оның есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. «Тарихи тұлғалар» тізімі екі жылда бір рет өзектендіріледі.
Алдымен, «тарихи тұлғалар» тізіміне ену қажет екендігін хабарлайды. Ол үшін осы құжаттар керек:
1) Тұлғаның өмірбаяны;
2) Мемлекеттік наградаларының куәлік көшірмелері;
3) Газетке, кітапқа жарияланған мақала көшірмелері;
4) Қайтыс болу туралы куәлік көшірмесі;
5) Жеке немесе заңды тұлғаның ұсынысы
Электронды түрде Электрондық үкімет порталы (eGov.kz) арқылы