Жиі қойылатын сұрақтар
Кресло-арбаларды ауыстыру мерзімдері мүгедектігі бар адамдарды протездік ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса айқындалады. Мүгедектігі бар адамдар жеке абилитация және оңалту бағдарламасында (ЖАОБ) әзірленген іс-шараларға сәйкес бір мезгілде бөлмелі және серуендеуге арналған кресло-арбаның бір түрімен не әмбебап кресло-арбаның немесе кресло-роликтің бір түрімен қамтамасыз етіледі.
Бөлмелік және/немесе серуендеуге арналған кресло-арбаны әмбебап кресло-арбаға немесе каталка креслосына ауыстыру олардың біреуін ауыстыру мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі.
Ауыстыру мерзімі оларды алған күннен бастап есептеледі:
1) бөлмелі кресло-арбалар -7 жылдан ерте емес;
2) серуендеуге арналған кресло-арбалар - 4 жылдан ерте емес;
3) әмбебап кресло-арбалар - 5 жылдан ерте емес;
4) роликті-орындық - 5 жылдан ерте емес.
Мысалы: 1 топтағы мүгедектігі бар аз. А. 2021 жылғы 3 қыркүйекте серуендеуге арналған кресло-арба берілді. Арбаны ауыстыру мерзімі 2025 жылғы 4 қыркүйек.
Кресло-арбаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (мүгедектігі бар адам) мыналар арқылы жүгіне алады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО);
2) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталына www.egov.kz,
мынадай құжаттарды қоса бере отырып:
1) өтініш;
2) оның жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) мүгедектігі бар адам жүгінген кезде нотариаттық куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамның сенімхаты.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 Бұйрығына сәйкес мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидалары бойынша:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғысы) арқылы өтініш білдіре аласыз.
Азаматтарды жеке қабылдау жүгіну кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады. Келесі санаттағы азаматтар кезектен тыс қабылданады:
• Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
• Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жеңілдіктері бойынша теңестірілген ардагерлер;
• басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
• еңбек ардагерлері;
• мүгедектігі бар адамдар;
• жүкті әйелдер;
• «Алтын Қыран», «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерімен марапатталған тұлғалар.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 5-тарау, 24-бабына сәйкес «Кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру сатып алу, кітап алмасу, сыйға тарту және мемлекеттік тапсырыс бойынша басып шығарылған кітаптарды өтеусіз алу арқылы жүзеге асырылады».
Еңбек өтілін растау туралы анықтама алу үшін өтінішті келесі:
1) Қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;
3) Электрондық үкіметтің веб-порталы www.е-gov.kz арқылы беру қажет.
Арыз, хабарлама, үн қосу, ұсыныс, сұрату негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілген мерзім әкімшілік орган басшысының уәжді шешімімен ұзартылуы мүмкін.
Шағымды қарау мерзімі ол келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды.
Заңгерлік көмек көрсетуіне байланысты адвокаттың сұратуына жазбаша жауап келіп түскен күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.
Егер сұратудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, БАҚ-тың сұратуына жауап ол келіп түскен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылады. Қарау мерзімі бір рет ұзартылуы мүмкін.
Ақпарат беру туралы жазбаша сұратуға жауап ақпарат иеленушіге келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде беріледі.
Жазбаша сұрату бойынша ақпарат беруден бас тарту туралы уәжді жауап сұрату тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ақпаратты пайдаланушының назарына жеткізіледі. Қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы ұзарту күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар ете отырып, күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін.
Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық бөлімшелері) атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Атқарушылық әрекеттер жасауға байланысты сот орындаушыларының (мемлекеттік те, жеке де) сұратулары 3 күн ішінде қаралады.
Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы бойынша ол тіркелген күннен бастап 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжді шешім шығарылады.
Салық мониторингіне жататын салық төлеушінің шағымы тіркелген күнінен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Өтінішке берілген жауап eotinish.kz сайтындағы жеке кабинетте және eGov mobile https://egovmobile.page.link/eOtinish сілтемесі бойынша қолжетімді.
"Менің өтініштерім" салымын тексеріңіз.
Сонымен қатар, нәтижелермен жақын маңдағы ХҚКО бөлімшесінде немесе өтініш берілген мемлекеттік органда ЖСН не өтініш нөмірі арқылы танысуға болады.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 167-бабының талаптарына сәйкес, жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.
Жер даулары әртүрлі себептерге байланысты туындауы мүмкін, соның ішінде меншік құқығы, учаскелердің шекаралары, жерді пайдалану және т. б.
Мұндай дауларды шешудің бірнеше жолы бар:
1) тараптар арасындағы келіссөздер. Көбінесе сотқа жүгінбестен келісімге қол жеткізуге болады;
2) егер келіс сөздер сәтсіз болса, тараптар келісімге келуге көмектесетін үшінші тарап- медиаторға жүгіне алады.
3) кейбір жағдайларда тараптар Төрелікке келісе алады – тәуелсіз төрешідау бойынша шешім қабылдайды;
4) егер алдыңғы әдістер дауды шешпесе, іс сотқа берілуі мүмкін. Бұл жағдайда талап арызды дайындап, өз ұстанымыңыздың дәлелдерін ұсыну қажет;
5) сот шешімі шыққаннан кейін Тараптардың бірі оны орындауға міндетті болуы мүмкін. Бас тартылған жағдайда, бұл мәжбүрлеп орындау үшін қосымша заңды әрекеттерді қажет етуі мүмкін;
6) егер Тараптардың бірі сот шешімімен келіспесе, ол Жоғарғы сотқа (апелляция) шағымдана алады.
Жер дауларының белгілі бір елдің немесе аймақтың заңнамасына байланысты өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан жер құқығы бойынша мамандандырылған адвокаттан кеңес алу ұсынылады.
6-8 жастан - Спорттық гимнастика, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау;
7-9 жастан - үстел теннисі, жүзу, суға секіру, теннис, ушу, шахмат, дойбы;
8-10 жастан - баскетбол, футбол;
9-11 жастан - су добы, волейбол, қол добы, коньки спорты, жеңіл атлетика, шайбалы хоккей, ұлттық ат спорты түрлері, саят;
С 10-12 жастан - бокс, велоспорт, еркін күрес, кір тасы спорты, академиялық есу, байдарка мен каноэде есу, дзюдо, каратэ-до, кекусинкай, кикбоксинг, грек-рим күресі, самбо, қазіргі көпсайыс, нысана көздеу, таэквандо, триатлон, ауыр атлетика, семсерлесу, ат спорты.
ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 90 бабының 1-ші тармағына сәйкес, Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауға міндетті. Тіркелу үшін «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне жазбаша өтініш жазып, тіркелуге болады. Кезегі келген кезде қабылдау күні алдын ала хабарланатын болады.