Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған
101
Өрт сөңдіру қызметі
1414
E-gov порталының бірыңғай байланыс орталығы112
ТЖ құтқару қызметі1424
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет103
Жедел жәрдем102
Полиция101
Өрт сөңдіру қызметі
1414
E-gov порталының бірыңғай байланыс орталығы112
ТЖ құтқару қызметі1424
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет103
Жедел жәрдем102
Полиция101
Өрт сөңдіру қызметі
1414
E-gov порталының бірыңғай байланыс орталығы
Бейімбет Майлин ауданының тарихи анықтамасы
Ресми деректер бойынша Бейімбет Майлин ауданының туған күні 1936 жылғы 29 шілде. 65 жыл аудан үшін жас шақ, бірақ ауданның ауылдарының туу тарихы ертеде өткен көне уақытынан басталады.
Ауданның бедері тамаша: адыр – бұдырлы дала, сай, тасты шың Әйет және Тобыл өзендеріне қарай төмендейді.
Аудан аумағындағы археологиялық қазбалар бойынша біздің жыл санауымызға дейінгі ІҮ ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен, неолит заманынан қола қарулар, еңбек құралдар осыған куә.
Адамдар Әйет, Тобыл өзендері жағасында шағын ауылдарда жер шаруашылығымен шұғылданып өмір сүрген.
Мал шаруашылығы өркендеп, Бейімбет Майлин ауданының далаларында кіші және орта жүздерінің сиыр, жылқы, қойлары жайылған.
ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында ауданның аумағында Шегебай, Жесабай, Тасоба, Қараоба, Сабынкөл, Қоржынкөл, Құғылбай, Ақтөбе, Елтай, Қаратамыр, Мақпал, Шөптікөл ауылдары орыналасқан.
Төмен халық тығыздығы, таза суы, ауа Тобыл жанындағы құнарлы жерлерге орталық Ресейден және басқа орындардан қызыққан адамдар қоныс аударып көшіп келді.
1881 жылы Қостанай уезіне 1200 адам көшіп келді. 1900 жылы шаруалардың жаппай көшуі басталды және он жылға созылды.
Сол жылдары Асенкрит, Викторовка, Павлов, Варваринка, Аят, Оренбор, Ново – Ильин, Валерьянов, Нелюбин, Екатериновка және басқа ауылдар пайда болды.
2001 жылы Асенкрит ауылы 100-жылдық мерейтойын тойлады.
Көшіп келгендер тұрғын халықты жерді өңдеу, шөп шабу, үй салуды үйретіп, өздері жергілікті тұрғындардан мал шаруашылығын игерді. Бидай, сұлы, тары, кендір, зығыр, қарбыз, қауын сеуіп жер шаруашылығын дамытты.
Аудан Орта Азияның сауда жолдарында орын алды. Тұрғындар өз өнімдерін Оңтүстік – Урал жәрмеңкелерінде өткізді.
ХХ ғасырдың қиылысында, қазақтар мен көшіп келгендер арасын саналы жауластырғанмен, қазақтар да, Ресейден көшіп келгендер де бір отбасы мүшелеріндей тату- тәтті өмір сүрді. Қазақтар мен көшіп келгендер бірлесіп, жұмысқа жұмыла кірісіп, тату – тәтті тұрып, еңбек етті. Көшіп келгендер тіл, дәстүрімен танысып қазақ ауылдарына, қазақтар поселкелеріне қонаққа барып тұрды.
Сол жылдары тамырластық қозғалысы кең өріс алды.
20-шы жылдардың аяғында 30-шы жылдардың басында коллективтендіру үдерісі басталды, 1928 жылы Викторовка аулында алғашқы Ленин атындағы колхоз құрылды, сол жылы Елизаветинка аулында «Жаңа тұрмыс» колхозы пайда болды.
1929 жылы Қызыл – Жар ауылында әк зауытының құрылыс жұмыстары басталды, артель «Ауыр - еңбек». аталды
1936 жылы ауданда 47 колхоз, 1 совхоз, үш машинна – тракторлық станция құрылды.
1937 жылы аудандық орталығында(30 адамға) клуб, бастауыш мектеп, радиожүйесінің (205 нүктесі), (30 телефонға)телефон станциясы, телеграф, аудандық дүкен қызмет көрсетті.
1937 жылы ауданның жалпы егіс алаңы – 48021 га, орта астық белгісі гектардан – 5,01 центнер.
1938 жылы ауыл шаруашылығының 24 озаттары Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің Құрмет Кітабына енгізілді.
1937 жылы бастауыш мектеп орта мектепке қайта ұйымдастырылды.
1938 жылы «Шамшырақ» газеті және баспахана қызметін бастады.
Халықтың тұрмыс жағдайы жақсарған сайын мәдениет деңгейі де көтеріле бастады, ауылдарда мектептер, оқу үйлері, клуб, фельдшерлік орындар ашыла бастады.
Валерьяновка ауылында аурухана, Оренборда туу үйі ашылды.
Егін жұмыстары басталғанда колхоздарда балалар бақшасы ұйымдастырылып, алаңдар жұымс істеді.
Белсенді бейбіт еңбекті Ұлы Отан соғысы үзді. Таран ауданынан майданға 5710 адам аттанды, 2216 – туған өлкесіне қайтып келмеді.
Соғыс жылдарында тарандықтар орден, медальдармен марапатталды. Василий Иванович Пипчук – Даңқ орденінің толық кавалері, Сейітхан Темірбаев – Кеңес Одағының Батыры жоғары атағына ие болды.
Николай Ананьевич Зюков пен Андрей Максимович Азуркин Александр Невскийдің орденімен, Ұлы Отан соғысының 5 қатысушысы – Жауынгерлік Қызыл Ту орденімен, 46 – Қызыл жұлдыз орденімен, 369 – Отан соғысы орденімен және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу алты жылдығын 154 ардагер қарсы алды.
Соғыс жылдарында тарандықтар тылда жанқиярлық еңбек етті. Аудан тұрғындары майдан үшін танк, самолет жасау үшін ақша, жылы киім, азық – түлік жинады.
Соғыс аяқталды, жауынгерлер үйлеріне қайтып, шаруашылықты көтеріп, еңбекке кірісті.
1946 жылы ауданда 51,4 мың га егіс алаңымен 44 колхоз, үш МТС жұмыс істеді.
1894 жылы Александр Краснопольскийдің экспедициясы Әйет селосының жанында темір кенінің жатқанын анықтады. 1947 жылы Үкімет комиссиясы, басшысы КСРО ҒА академик, құрамында – Қазақстанның ғылым Академиясының Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаев Қостанай геологтарына Лисаков солитов, Қоржынкөл және Козыревка магнетит кен орындарында жұмыстар бастауына көмектесті.
1950 жылы геологтар (басшысы А.С. Кондрашкина) Әйет өзенінде темір кен жатқанын ашты, боксит жатқандарын тапты.
Сол жылы Козыревка кен орнында жұмыстар басталды.
1954 жыл, Ресей, Украина, Молдавия, Белоруссиядан тың және тыңайған жерлерін игеру үшін мыңдаған жігіттер мен қыздар келе бастады.
Жаңа совхоздар құрылды.
«Викторовский» совхозы (бірінші директоры А.Ф. Ковалев) 1954 жылы астық шаруашылығы ретінде құрылды, бірақ мұнда мал шаруашылығы да өз орнын алды. 1964 жылы совхоздың орталығы Бүкілодақтық байқаудың ХШЖК дәрежелі дипломына ие болды.
«Колос», Белинский атындағы тың совхоздары үлкен табыстарға жетті.
Қазақстанда алғашқы ірі құс шаруашылығы Таран ауданында, нақты атасақ Май селосында 1946 жылы құрылды.
«Красносельск» совхозы астық шаруашылығымен айналысатын шаруашылық ретінде құрылса да, 1956 жылы мал шаруашылығына мамандырылды. 1959 жылы шошқа фермасының құрылысы салынды.
60- жылдары колхоздарды ірілендіру және оларды совхоздарға қайта құру үрдісін өткізу жүргізілді. 1963 жылдан 1976 жылға дейін директор Социалистік Еңбек Ері Алексей Иванович Ли Ен Бем басшы өтті.
1982 жылы 2 совхоз: О. Дощанов атындағы және «Рудненское» көкөніс шаруашылығы ашылды.
1980 жылы аудан тұрғындарының саны 49,9 мың адам, 13 совхоз, егіс алаңы – 770 мың гектар жер алқабын алып жатты. Аудан ірі кәсіпорындарымен (ЖБК, КСМК, ремзавод, пивзавод, еткомбинаты) танымал болды.
Ауданда екі құрылыс ұйымы, екі жол, бір нан базасы, үш автобаза қызмет етті. Аудан аумағында темір жол желісі торабының жүйесінің қиылысы магистралдары Қарталы – Целиноград, Қостанай – Жітіқара– Тобыл ірі темір жол станциясы орналасқан.
1991 жыл. Ауданның шаруашылық тұрмысында үлкен өзгерістер болды, қоғамның жаңа реформалау және демократияландыру кезеңі басталды. Совхоздар акционерлік қоғамдарына қайта құрылды
Ауданның әулетін құрған, бекітілген телімдерінде еңбек еткен жерлестеріміз туралы жеке айтып кетейік. Артем Анисимович Петренко 1937 жылдан 1959 жылға дейін «Заря коммунизма» колхозының (бүгінде «Новоильин» ҰҚ) төрағасы болып істеді, 1957 жылы А.А. Петренкоға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Таран құсфабрикасының жетістіктері 1963 жылдан 1979 жылға дейін жұмыс істеген Алексей ИвановичЛи Ен Бемнің есімімен байланысты. Алексей Иванович Ли Ен Бемге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді және ол 3 мәрте Ленин орденімен марапатталды.
Вачасов атындағы совхоз директоры қызметінде Сапар Ерғалиұлы Ерғалиев 28 жыл қызмет етті. С.Е. Ерғалиев ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері, ауданның әйгілі азаматы, ХШЖК үлкен «Алтын медалі», үш Еңбек Қызыл Ту ордені, Ленин ордені, Қазан Революциясы орденімен марапатталды.
1956 жылғы ақпанынан 1981 жылға дейін «Знамя Советов» колхозының төрағасы, соңынан директоры болып Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Ильич Слесарчук жұмыс істеді, еңбегі Ленин орденімен, екі Қызыл Ту ордендерімен аталды.
«Қайранкөл» совхозында 20 жылдан артық, ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері Иван Иванович Гордиенко Ленин ордені, Қазан Революция ордені, «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдарымен марапатталды.
«Набережный» совхозының директоры Николай Ананьевич Зюков, колхоздың төрағасы соңынан «Николаевский» совхозының бас агрономы Степан Иванович Бушкин, колхоздың төрағасы Қапан Есетов, «Рассвет» совхозының агрономы Георгий Савельевич Савченко, Вачасов атындағы совхоздың сауыншылары Ольга Владимировна Төлемисова және Валентина Владимировна Бабарыко, «Набережный» совхоздың сауыншылары Индюкова Лидия Владимировна, Климович Анна Прохорова, құс өсіруші Обезьянина Е.Ф., «Абай» атындағы совхоздың қойшысы Димбаев Бақыт Тапатарұлы және т.б. жерлестеріміз аудан үшін көп еңбек сіңірді.
2020 жылғы қазан айынан бастап, Бейімбет Майлин ауданының әкімі- Мыржақыпов Қайсар Батырханұлы.
Бейімбет Майлин ауданы Қостанайдың батысында, Транс-Орал, Батыс Сібір және Орталық Қазақстанның түйіскен жерінде, Азия құрлығының тереңдігінде, теңіздер мен мұхиттардан алыс орналасқан. Аудан солтүстік жағынан Ресей Федерациясының Челябі, Федоров және Қостанай облыстарымен, шығысында Әулиекөл ауданымен, оңтүстігінде Камысты ауданымен, батысында Денисовскімен шектеседі.
Ауданның жалпы ауданы - 7,6 мың км2. Оның ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай ең үлкен бөлігінде 115 км, ал батыстан шығысқа қарай 77 км, ал тар бөлігінде 50 км дейін созылады.
Аудан орталығы Әйет Қостанай қаласының облыс орталығынан 97 км қашықтықта орналасқан.


Бейімбет Майлин ауданының аумағында темір, шыны құмның бокситі, кеңейтілген саз, минералды жүн және құрылыс минералдарын өндіруге арналған шикізат кен орындары белгілі.
Темір
Темір кен орындары Аят типіндегі қоңыр темір кені түрінде, Лисаковский типті солитті қоңыр темір кені түрінде, ал үшінші кен орны жақын жерде орналасқан - бұл магнетитпен байланысқан метосоматикалық кендер (Соколовское және Сарбайское).
Аят кен орны Аят және Тобыл өзендерінің арнасында орналасқан. Қабат (Айет ауылы, Красносельское ауданы) 2000 шаршы метр алаңда жасалынған. км 2-ден 10 метрге дейін. Темірдің мөлшері 36% құрайды. Темір кенінің жалпы қоры 6 миллиард тоннаға дейін жетеді. Рудалар магниттелген қуырумен жақсы байытылған (кен магниттік қасиеттерін көрсеткенге дейін қуыру, содан кейін магниттік байыту).
Лисаковский бассейні Карталы-Целиноград теміржолының бойында орналасқан, су қоймасының қалыңдығы 3 метрден 30 метрге дейін, ұзындығы 100 км, ені 3-тен 10 км-ге дейін. Лисаковской бассейнінің кендері жоғары сапалы, құрамында темір мөлшері 30-дан 545-ке дейін. Бұл кен орнындағы темірдің жалпы қоры 3,7 млрд. Тоннаны құрайды, кеннің байытылуы қажет емес кен түрінде ұсынылған, оның орталық бөлігінде орналасқан және бетіне шығады. Ванадий мен фосфордың мөлшері жоғарылайды. Жалпы, Аят пен Лисаковск Батыс Еуропадағы әлемге әйгілі Лотарингия кен орындарынан еш кем түспейді, соның негізінде Францияның, Бельгияның және Германияның батыс бөлігінің барлық қара металлургиясы жұмыс істейді.
Үшінші типтегі ірі кен орындары - Соколовское және Сарбай солтүстіктен ауданға дейін орналасқан. Бұл кен орындарының кені магнетитпен, яғни. темір мен төрт оттектен тұратын үш минералдан тұрады.
Рудалар өте берік, кесек және олардың бай түрлері - ашық қабатты кендер - ешқандай байытуды қажет етпейді. Бұл кендердегі темір мөлшері 45-46% құрайды. Сала бұл түрді басқаларға қарағанда жақсы игерді және қазіргі уақытта оларды ең үнемді деп санайды.
Бокситтер
Осы аудандағы барлық боксит кен орындары алюминосиликат пен карбонатты тау жыныстарының жанасуында орта-жоғарғы девондық шөгінділерде түзілген ұзартылған эрозия-карст депрессияларымен шектелген. Барлық кен орындар бір-бірінен бөлінген шұңқырлардан тұрады және оларға «өріс» ұғымы шартты түрде қолданылады, олар 0 - 129 м тереңдікте пайда болады, магнетиттердің сапасы өзгереді, көп жағдайда жоғары. Аудан бойынша барлық іс-шаралар Таран ауданындағы келесі өрісті қамтитын орталық (Краснооктябрь) аймағына жатады: Аятское, Тамирское, Белинское, Верхнетобольское, Клубное, Акаульское.
Олардың ішінде Верхнетобольское, Аятское, Озерки және Белинское кен орындары Козыревское кен басқармасында әзірленген. Кенді қайта өңдеу карьерлермен жүзеге асырылады, кен орнының пайдалы қазбалары қолайлы.
Варвара кен орны терең бұзылу аймағында орналасқан. 380 миллион жыл бұрын жанартаудың әрекеті нәтижесінде жер қыртысында жарылыс пайда болып, магма жер бетіне шыққан. Мұндағы рудаларда мыс, никель, алтын, күміс, висмут, кобальт және т.б. бар. Сонымен қатар, әктастар мен вулкандық туфтар кездеседі.
Балшық өндірісінің кеңейтілген шикізаты
Кеңейтілген сазды өндіру үшін жоғары сапалы шикізат - бұл жоғарғы эоцен - Геганның төменгі Олигоценінің саздары. Облыста бірнеше сазды сазды кен орындары бар, олардың ішінде Даниловское, Мурюжское, Тобольское Лисаковский ГОК қажеттіліктері үшін өңделеді, ал Так-сорский кен орнының саздары кеңейтілген сазды және аглопиритті шығаруға жарамды.
Минералды жүн өндірісінің шикізаты
Облыста минералды жүн мен тас литийін өндіруге қолайлы шикізаты бар бір Козыревское кен орны бар. Кенді түсті металдар министрлігі басқарады.
Шыны құм
Бейімбет Майлин ауданында шыны өндіруге жарамды жалғыз құм кен орны бар. Өзінің таза түрінде құмдар мөлдірлігі төмен әйнек өндіруге жарайды, байытылғаннан кейін құмдар парақ терезесі мен контейнер әйнегін өндіруге жарамды.
Кен орнының қоры 50 жыл ішінде жылына 370 мың тонна сыйымдылығы бар карьердің жұмысын қамтамасыз етеді.
Құрылыс материалдары
Ауданның құрылыс материалдары цемент шикізаты, әктасқа әктағыш, кірпіш шикізаты, құм және құрылыс тастарынан тұрады.
Ауданда цемент шикізатының үш кен орны бар (Кзыл-зар, Новойлиновское, Прохоровское), олар цемент өнеркәсібінің талаптарына сай, бірақ олардың ешқайсысы теңгерімде жоқ, ал Прохоровское кен орны су астында қалды. Кірпіш шикізатының көптеген кен орындарынан қорлар балансында саз бен саздың 10 және құм шашыратқыштың үш кен орны бар. Бұл кен орындарының барлығы пайдаланылмайды. Қорлардың теңгерімі аймақтағы құрылыс тастарының жеті кен орнын ескереді, бірақ олардың тек екеуі ғана игерілуде (Уваленское, Козыревское).

8-71436-3-61-44
taranovka@kostanay.gov.kz
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған








