Жер қатынастары

Жер қатынастары

"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ өткізілді:

- Бейімбет Майлин ауданының жер комиссиясының 28 отырысында жеке және заңды тұлғалардың 366 өтініші қаралды.

- Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін беру бойынша 22 аукцион қойылды, 22 жер учаскесі. Берілген жер учаскелерінің жалпы ауданы 27,6033 гектарды құрайды. Өткізу сомасы 8 806 409 теңге.

- 1 шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын ұсыну жөніндегі конкурс.

1) 11 жер учаскесі қойылды, 20 өтінім қаралды, 2 лот ойнатылмады. Берілген жер учаскелерінің жалпы ауданы 7778,45 гектарды құрайды.

Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыретіне аудан шекаралары, қала шекаралары (шектері) шегінде және оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта мыналар жатады:

1) иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

2-1) пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария Сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

3) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

4) жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

5) Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

6) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

7) елді мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

8) жер сауда-саттығын (аукциондарын)өткізуді ұйымдастыру;

11) жерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;

13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқықтық қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын және жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

16) осы Кодекстің 33-бабы 1-тармағының алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшасында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу;

17) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындау;

18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

18-1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылмайтын және пайдаланылатын жерлерді анықтау;

19) жерді резервтеу жөнінде ұсыныстар дайындау;

20) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық