
2026 жылдың 01 қаңтарына арналған Бейімбет Майлин ауданында аз қамтылған азаматтарды қолдау туралы
2025 жыл кезеңінде 22 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 106 адам, сомасы 7 млн.882 мың теңге:
оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 825 мың теңге сомасында ай сайынғы қосымша төлем.
АӘК алушылардың ішінде 9 отбасы көп балалы отбасы, 56адам, оның ішінде 42 бала, жалпы сомасы 6 млн. 654 мың теңге атаулы көмек көрсетілді.
АӘК шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде көрсетіледі. Шартсыз көмек алушылар үшін отбасының еңбекке қабілетті мүшесі жоқ отбасыларға әлеуметтік келісім жасасу талап етілмейді. Отбасының еңбекке қабілетті мүшелері бар шартты әлеуметтік көмекті алушылар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік бейімделудің (қажет болған жағдайда) жеке іс-шаралар жоспарын әзірлей отырып, отбасының қиын өмірлік жағдайдан шығуына әлеуметтік келісім жасалады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу шартты ақшалай көмекті төлеудің міндетті шарты болып табылады.
Жыл басынан бері 82 адамды құрайтын 16отбасымен отбасыны белсендіру бойынша әлеуметтік келісім жасалды, оның 22 еңбекке қабілетті азаматтар. Өтініш берген кезден бастап еңбекке жарамды азаматтардың 15 адамы тұрақты жұмысқа орналасты, 6 адам 3 жасқа дейінгі бала күтімімен айналысады, 1 адам жұмыссыз ретінде есепте тұр. Жұмыстың белсенді түрлеріне 9 адам қатысып, оның 5 тұрақты жұмысқа орналасты, 4 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдары және қызметтерімен қамтамасыз ету
Ауданда 858 мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде 93-мүгедек балалар. 390 мүгедектігі бар адамдарда абилитациялау және оңалту жеке бағдарламасы әзірленген.
Абилитациялау және оңалту бойынша аталған құралдар мен қызметтерді көрсету әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта қамтамасыз етілгендер:
-арнайы гигиеналық құралдар 91 мүгедектігі бар адамдар;
-протездік-ортопедиялық құралдар 73;
-сурдотехникалық құралдар-3;
-тифло құралдар -6;
-санаторийлік-курорттық емделу - 99;
-ымдау тілі маманының қызметі-0;
-оңалту орталығы-45;
-арнайы жүріп тұру құралдары-15;
-жеке көмекшінің қызметі-1.
Жұмыспен қамту.
2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында 2024 жылғы 20 желтоқсанда кешенді жоспар бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 1159 адамды қамту жоспарланған. Нақтысында 1241 адам қамтылып, жылдық жоспар 106,5 % орындалды.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халық арасынан 70 адамды «Бастау Бизнес» курстарына жіберу жоспарланған. Нәтижесінде 89 қатысушы жолданып (127,1 %), оның 60 оқуды аяқтап, сертификат алды.
400 АЕК көлемінде 3 грант бөлінді (1 572 800 теңге).
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша:
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 4 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 4 адам жолданды (100 %).
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 1 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар толық орындалды.
«Күміс жас» жобасы бойынша 13 адам жоспарланып, 14 адам жұмысқа орналастырылды (107,7 %).
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру – жоспар бойынша 13 адам, нақтысында 13 адам жолданды (100 %).
Жастар практикасын ұйымдастыру – жоспар бойынша 24 адам, нақтысында 24 адам жолданды (100 %).
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру – жоспар бойынша 100 адам, нақтысында 100 адам жолданды (100 %).
Қоғамдық жұмыстарға ең алдымен жұмыссыздар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ жастар тартылды.
Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына – жоспар бойынша 546 адам, нақтысында 435 адам жолданды (жылдық жоспардың 79,7 %).
Жұмысқа орналасқан азаматтардың 100 % міндетті зейнетақы жарналарын төлейді.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру (қоныс аудару) бойынша:
2025 жылға жоспар 4 отбасы, 30 адам болған.
2025 жылы бүгінгі таңда 34 адам қоныстандыру квотасына енгізілді.
Барлық отбасыларға әрбір отбасы мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде (275 240 теңге) көшуге арналған субсидия төленді. Сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу бойынша құжат тапсырған отбасыларға жалдау немесе сатып алу шығындарын өтеуге субсидиялар төленді.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру (қандастар) бойынша:
2025 жылға жоспар 3 отбасы, 10 адам болған.
2025 жылы бүгінгі таңда 13 адам қандастар квотасына енгізілді.
Барлық отбасыларға әрбір отбасы мүшесіне 70 АЕК (275 240 теңге) көлемінде көшуге арналған субсидия төленді. Сонымен қатар тұрғын үйді жалға алу немесе сатып алу шығындарын өтеу үшін тиісті құжат тапсырған отбасыларға субсидиялар төленді.
Тұрғын үй көмегі Бейімбет Майлин ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық төлемдерді төлеу үшін көрсетіледі, яғни орталықтандырылған жылу жүйесін пайдалану және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін газды, суық және ыстық суды, кәрізді, электр қуатын, қоқыс шығару, байланыс қызметтерін телефон үшін абоненттік төлемді арттыру бөлігінде, жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу жеке тұрғын үй қорында.
Көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй көмегін тағайындауды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы үйден шықпай-ақ ала алады немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы Қостанай облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» филиалына жүгіне алады.
Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет есебінен көрсетіледі. Оны ұсынудың мөлшері мен тәртібін ЖАО белгілейді.
Коммуналдық төлемдерге және тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстары жергілікті өкілді органдар белгілеген осы мақсаттарға арналған шығыстардың рұқсат етілген шекті үлесінен асатын азаматтар көмекке жүгіне алады.
Шығындардың рұқсат етілген шекті үлесінің мөлшері тоқсандағы отбасының орташа айлық жиынтық табысының 5% құрайды. Отбасының табысы тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін есепке алынады.
Тұрғын үй көмегін алушылардың екінші деңгейлі банктерде ашқан шоттарына төленеді.
Қосымша ақпарат алу үшін «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласуға болады.