АҢДАТПА! 2024 жылғы 28 тамызда сағат 11:00 - де Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп «Мемлекеттік бақылау органдарының көліктік бақылау функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша түсіндіру» тақырыбында аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен, «Атамекен» ҚР ҰКП өңірлік бөлімшелерінің өкілдерімен және ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.