
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер, сондай – ақ олардың жұбайлары жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) (бұдан әрі-Декларация) ұсына бастады.
Декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде активтер мен міндеттемелердің болуы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Бұл ретте бейрезидент, коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлер декларацияны ұсынудан босатылды.
2024 жылы декларацияны 2,4 млн. жеке тұлға тапсыруға міндетті.
Ағымдағы жылдың басынан бастап 1,4 млн. жеке тұлға немесе декларанттардың жалпы санының 60% декларацияны тапсырды.
Оның ішінде Декларацияның 99,9%-ы электронды түрде, атап айтқанда салық төлеушінің кабинетті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы(egov.kz) және «е-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы табысталған.
Түркістан облысы мен Ұлытау облысының тұрғындары декларация тапсыру бойынша ең үздік белсенділік танытты.
Декларацияны табыстау алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі активтер мен міндемелерінің бар жоқтығын көрсетуге арналған.
Салықтық міндеттемені уақытылы орындамау мәселесі туындамас үшін, декларацияны алдын ала табыстауды ұсынамыз.
Декларация тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша ұсынылады.