2024 жылғы 19 – 20 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі –ОӘО), «Smitt & Orlov intellectual Property» ЖШС бірлесіп Ақтау қаласында Маңғыстау облысы бойынша МКД базасында «Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша практикалық тәжірибе» тақырыбында күндізгі оқу семинарын өткізді.
Аталған семинардың мақсаты - контрафактілік өнімді анықтау бойынша кеден бекеттері қызметкерлерінің құзыретін арттыру болып табылады.
Күндізгі оқу семинарына Маңғыстау облысы бойынша МКД Кедендік әкімшілендіру басқармасы және «Морпорт», «Темір-Баба», «Тажен», «Бейнеу», «Әуежай-Ақтау», «Болашақ» кеден бекеттерінің қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде;
- ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы - Айгелов Асылхан Тулеубаевич;
-«Smitt & Orlov intellectual Property» ЖШС орындаушы директоры Ангелина Владимировна Тарасова қатысты.
Семинардың қорытындысы бойынша 14 қатысушы біліктілігін сәтті аяқтағаны туралы электронды сертификат алды.