Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар!

1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Конституцияда бекітілген нормалар мен қағидаттар Қазақстан Республикасының дамуы үшін берік іргетасына айналды, қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтты.

Конституция, еліміздің негізгі заңы ретінде халқымыздың бірлігінің, мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының нышаны, әрбір қазақстандықтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады!

Осы мереке күні Сіздерге амандық, бақыт, бейбітшілік пен мейірімділік, тәуелсіз Қазақстанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз! Әр шаңырақта береке мен болашаққа деген сенімділік орнап, жаңа шыңдар бізді үлкен жетістіктерге жетелей берсін!