Жиі қойылатын сұрақтар
СҚА-ның белгіленген (түпкілікті) жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алғаннан кейін және тізілімге тиісті мәліметтер енгізілгеннен кейін.
Жоқ. Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес белгіленген (түпкілікті) санитариялық-қорғау аймағы есептік параметрлерді растау үшін заттай зерттеулер мен өлшеулердің жылдық циклінің нәтижелерімен жобаның негізінде айқындалады. Яғни, алдын ала есептік СҚА жобасына санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алғаннан кейін бір жылдан кейін есептік параметрлерді растау қажет.
СҚА жобасын әзірлеу қызметі барысында қоршаған ортаға, соның ішінде адамға әсер ететін барлық өнеркәсіптік объектілерге қажет. Дыбыс, электромагниттік сәулелену немесе атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары әсер етуі мүмкін.
Тұмау вирусының тән ерекшелігі - оның тұрақты мутацияға қабілеттілігі. Бұл дегеніміз, әр маусымда вирустың жаңа генетикалық нұсқалары пайда болады, олар антигендік сипаттамаларымен ерекшеленеді және қолда бар иммунитет оларға қарсы пайдасыз болып шығады.
Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын маусымдық тұмауға қарсы вакциналардың құрамына айналымдағы болжамды вирустарды қосуды ұсынады.
Зертханалық мониторинг нәтижелері бойынша, алдағы күзгі-қысқы маусымда тұмау вирустарының A/H1N1/pdm09 және A/H3N2 типі В вирусының қосылуымен және басқа тұмау вирустары арасында A/H1N1/pdm09 тұмауы вирусының басым болуы болжамданды.
Жыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы иммундау жүргізуге қаржы бөлінеді. Ағымдағы эпидемиялық маусымда 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқан «Гриппол плюс» вакцинасының 165 000-нан астам дозасы сатып алынды, тұмауға қарсы иммундау Ресей, Қазақстан, Беларусь және т.б. елдерде профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбелері шеңберінде қолданылады.
Вакцина 6 айдан асқан балаларда, жүкті әйелдерде, қарттарда, ересектерде және созылмалы соматикалық аурулармен жиі ауыратын балаларда тұмаудың алдын алуға арналған. Вакцинациядан кейінгі қорғаныс әсері, әдетте 8-12 күннен кейін дамиды және 12 айға дейін сақталады.
Негізгі қарсы көрсеткіштер - тауық ақуызына және вакцина компоненттеріне аллергиялық реакциялар, сондай-ақ бұрын енгізілген тұмауға қарсы вакциналарға аллергиялық реакциялар. Тұмауға қарсы егу дене қызбасы көтерілген немесе созылмалы аурулардың өршуі жағдайларда рұқсат етілмейді, вакцинацияны сауыққаннан кейін жүргізеді.
Тұмауға қарсы егуді күзде, қыркүйек – қазан айларында, яғни, тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі басталғанға дейін алған жөн. Вакцинациядан кейін 2-3 апта ішінде тұмау вирустарына қарсы антиденелердің қорғаныс деңгейі қалыптасады, бұл аурудан 6-12 ай бойы қорғауды қамтамасыз етеді.
Вакцинация тұмаудың ең сенімді қорғанысы болып табылады. Алайда, нақты профилактика 100% қорғауға кепілдік бермейтінін түсіну маңызды, себебі: вакцинациядан кейінгі иммундық жауап тек вакцинада болған штаммдарға ғана қалыптасады, вакцинацияланғандардың барлығында жеткілікті тиімді иммундық жауап дамымайды; жеке адамдарда, әсіресе егде жастағы адамдарда тұмауға қарсы вакциналар салыстырмалы түрде қысқа мерзімді қорғанысты береді. Тұмауға қарсы вакцинациялаудың негізігі мақсаты - сырқаттанушылықты және өлімді азайту екенін білген жөн.
Егер, Сіз тұмаумен сырқаттансаңыз, онда өзгелердің денсаулығына қауіп төндірмеу үшін және асқынулардың алдын алу мақсатында, үйде болыңыз. Отбасы мүшелерінінен, өзгелерден мүмкіндігінше оқшауланып, дәрігерге хабарласыңыз. Есіңізде болсын, тұмаумен өзін-өзі емдеуге жол берілмейді. Дәрігер диагноз қойып, қажетті емдеуді тағайындауы керек.
Тұмау вирусы оңай және тез таралады. Сырқаттанған адамнан тұмау вирустары сөйлескенде, түшкіру және жөтелу кезінде сілекей түйіршіктерімен сыртқы ортада бірқатар шақырымға таралып, өзге де адамдарға жұқтыру мүмкін. Инфекция тұмау вирустарымен ластанған қолдар арқылы да берілуі мүмкін. Инфекцияның берілуін шектеу үшін, тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау қажет – жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңызды немесе мұрныңызды шынтақ қатпарымен немесе майлықпен жабыңыз.