Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруПрофилактикалық егулерді жүргізу мерзімдері кездейсоқ анықталмайды. Бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұқият зерттеген және ұсынған ғылыми дәлелдермен негізделген. Мәселен, аналық антиденелер баланың денесінде қысқа уақытқа беріледі және сақталады: дифтерияға қарсы антиденелер 2-3 ай, қызылшаға қарсы 6 айға дейін, ал туберкулез және "В" гепатитіне қарсы бала толығымен қорғалмаған болып туылады. Осыған негізделе, бала туберкулезге немесе "В" гепатитіне қарсы туудың алғашқы күндерінде, ал дифтерияға қарсы 2-3 айда және т.б. егіле бастайды.
АКДС вакцинасының құрамындағы компоненттер көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге қарсы иммунитеттің дамуына ықпал етеді.
Пост кеңестік аумақтарда Қазақстан иммундау жөніндегі Ұлттық консультативтік комитеттің ұсынысы бойынша тұтас жасушалы вакциналармен салыстырғанда бағасы едәуір қымбат болғанына қарамастан, құрамында жасушасыз көкжөтел компоненті бар АКДС вакциналарына көшуді жүзеге асырған жалғыз ел болып табылады.
Сонымен қатар, АКДС вакцинасы біріктірілген бес және алты компонентті вакциналардың бөлігі болып табылады, иммундау кезінде бір уақытта бірнеше инфекциялардан қорғаныс қалыптасады. Сонымен қатар, бала үшін психоравма қаупі және иммундаудан кейін қолайсыз көріністердің даму қаупі азаяды.
Вакциналарды сақтайтын және тасымалдайтын (жеткізушілердің қоймалары), иммундауды жүргізетін ( емханалар, ауруханалар, дәрігерлік амбулаториялар, ауылдық учаскелік ауруханалар, ФАП-лар) барлық ұйымдар эпидемиологиялық маңызы жоғары объектілерге жатады және жылына кемінде 2 рет тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің аумақтық органдарының тексеруіне жатады. Сақтау мен тасымалдаудың барлық кезеңдерінде вакциналар суық тізбектің талаптарын сақтай отырып тасымалданады(яғни +2-ден +8 градусқа дейінгі температурада суықта).
Вакциналарды сақтайтын барлық орындарда (қоймаларда) арнайы тоңазытқыш жабдықтары (камералар, бөлмелер, тоңазытқыштар, мұздатқыштар) болады, онда күніне екі рет оңтайлы температуралық режим сақталуы тексеріледі.
Барлық егу кабинеттері (қаладағы да, ауылдағы да) вакциналарды сақтауға арналған тоңазытқыштармен және вакциналарды тасымалдауға арналған термоконтейнерлермен қамтамасыз етілген.
- тамақтанар алдында қолды жуу;
- термиялық өңдеуге жатпайтын жемістерді ағынды сумен жуу;
- ішу үшін тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды пайдалану;
- тез бұзылатын өнімдерді тоңазытқыштарда сақтау;
- кондитерлік өнімдерді тек дүкендерден алу, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттың болуына назар аудару;
- үй жағдайында дайындалған консерві (ет, құс, балық, саңырауқұлақ) өнімдерін белгісіз адамдардан сатып алмау;
- тағамның түрі, түсі, иісі және тағы басқа белгілері күмән тудыратын болса, мұндай тағамды мүлдем пайдаланбау.
Микробтармен және олардың токсиндерімен, яғни адамнан адамға берілмейтін улармен ластанған тамақ өнімдерін тұтыну нәтижесінде пайда болатын ауру.
Тағамнан уланудың жалпы белгілері?
Жедел, кенеттен басталуы, тез жазылуы, бір мезгілде белгілі бір адамдар тобында аурудың басталуы, жедел қысқа ауруы, аурудың белгілі бір тағаммен байланыстылығы, тамақтан улануға себеп болған өнімді алып тастағаннан кейін аурудың тоқтауы.