"Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау профилактикасына қатысты жұмыс қорытындылары туралы" Департамент басшысы Г.Таласбаеваның баяндама тезистері

"Мемлекеттік қызмет және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы заңнама  талаптарын сақтау  профилактикасына қатысты  жұмыс қорытындылары туралы"  Департамент басшысы Г.Таласбаеваның баяндама тезистері

Құрметті Дархан Марденұлы, кеңеске қатысушылар!

Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) білім беру ұйымдарының қызметін бақылау және қадағалау арқылы білім беру сапасын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.

Депаратаментте штат және факт бойынша барлығы 6 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады.

Слайд 2. Департаменттің негізгі қызметтері бұл - білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау; білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; білім беру ұйымдарының қызметінде анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқамалар беру; лицензиялық талаптарды сақтауын бақылау; білім беру саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік шаралар қолдану.

Департамент мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің заңнаманы қатаң сақтауын қамтамасыз ету және мемлекеттік басқарудағы ашықтық пен әділдікті нығайту мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.

Слайд 3. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және құқықтық түсіндіру жұмыстары: Департаментте мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жоспарлы жұмыстар тұрақты негізде жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлік және тағылымдамадан 3 қызметкер Оқу-ағарту министрлігінде өтті. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өту бойынша жоспар құрылған және жұмыс жасалуда. Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бағалау критерийлері негізінде «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізіледі. Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің кірістері туралы декларацияның уақтылы тапсырылып отырылады.

Іс-шаралар барысында мемлекеттік қызметшілерге: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының негізгі нормалары, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің қағидалары, мүдделер қақтығысының алдын алу тетіктері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік жан-жақты түсіндіріліп отырылады.

Слайд 4. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және қызметтік тәртіп: Департаментте мемлекеттік қызметшілердің қызметтік тәртібі мен әдеп нормаларын сақтау тұрақты бақылауға алынған. Әдеп жөніндегі өкіл лауазымын бөлім басшысы орындайды. Қызметі туралы ақпарат мекеменің ресми сайтында орналастырылған.

Департамент ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мемлекеттік және орыс тілдерінде баршаға көрінетін жерде орналастырылған.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері тіркелмеген, мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіретін жағдайлар орын алмаған, азаматтар тарапынан шағымдар түспеген.

Мемлекеттік қызметшілерге азаматтармен қарым-қатынас барысында әдептілік, ашықтық және заңдылық қағидаттарын сақтау қажеттілігі тұрақты түрде түсіндіріліп отырады.

Слайд 5-6. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу: Департаментте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдануда.

Өткізілетін сыртқы бағалау іс-шаралары бойынша (PISA, PISA мектептер үшін, МОДО, КТ) тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Педагог мәртебесін қолдау және нығайту шараларының жүйесін жүзеге асыру, «Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ нормаларын сақтау бойынша жұмыстар үнемі бақылауда.

Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі шараларды күшейту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау мақсатында департаменттің қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№50 мекеме РММ, «№66 мекеме» РММ бару ұйымдастырылды.

Күнтізбелік жыл ішінде білім беру саласының қызметкерлері үшін мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік – құқықтық актілерді түсіндіру бойынша көшпелі семинарлар кезең-кезеңімен өткізіледі.

Департамент мемлекеттік органдармен және мәслихаттармен тығыз байланыста жұмыс істейді: СҚО прокуратурасы алқасының отырысы, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің өкілдерімен департамент қызметкерлерімен семинарлар өткізілді. Лицензиялық комиссияның құрамына облыс бойынша кәсіпкерлер палатасының өкілі де кіреді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды.

Шал ақын, Айыртау, Есіл, Тимирязев, Уәлиханов ауданы Әкімдерімен және әкімдердің орынбасарларымен кездесулер өткізілді.

Облыстың және қаланың барлық аудандарының педагогтарымен білім бөлімдерінің қызметкерлерімен тұрақты кездесулер өткізіліп отырылады.

Департамент қызметі туралы әлеуметтік желілерде, сайтта ақпараттық материалдар жарияланды, облыстық телерадиокомпанияларда тікелей эфирде сұхбат беріледі, бұл ретте жұртшылықты ақпараттандыру жұмысы департаментте тұрақты жолға қойылған деп есептеуге болады.

Аталған есеп беру мерзімінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар тіркелмеген, мемлекеттік қызметшілер арасында мүдделер қақтығысы фактілері анықталмаған, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалану жағдайлары орын алмаған.

Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті органдарға және Департамент басшылығына уақтылы хабарлау міндеті түсіндіріліп отырылады.

Слайд 7. Мемлекеттік қызмет көрсету саласы:

Департамент тарапынан 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда білім беру қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензия беру және білім туралы құжаттарға апостиль қою. Аталған мерзімде лицензия, лицензияларға қосымша беру саны 482 құрады, өтініштерді қарастыру оң нәтижелі үлесі 96,7 пайызды құрайды. Сонымен қатар 149 құжат апостильденді, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы тіркелмеді, көрсетілген қызметтерге қатысты шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету толық цифрлық форматта, ашықтық және қолжетімділік қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Слайд 8. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс:

Есептік мерзімде E-otinish жүйесінде 127 өтініш тіркелді, оның ішінде: өтініштер – 70, шағымдар – 10, ұсыныстар – 1, басқалар (сұрау салулар, хабарламалар, жауаптар) - 46. Департамент қарады-75, орталық мемлекеттік органдарға – 7, жергілікті атқарушы органдарға – 40, басқаларына – 5. Өтініштерді қайта бағыттау, өтініштерді қарау мерзімдері бұзылмаған.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жоспардан тыс 15 тексеру жүргізілді, оның ішінде СҚО ББ – 7, медициналық колледжде – 1, жалпы білім беретін мектептерде – 5, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда – 2.

Азаматтарды қабылдау кестесі, байланыс деректері және сенім телефоны туралы ақпарат Департаменттің интернет-ресурсында тұрақты түрде жарияланып отырады. Атап айтқанда, департамент басшысының айына екі рет азаматтарды жеке қабылдауы өткізіледі – 36 қабылдау.

Департамент сайтында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру бойынша қажетті нормативтік-құқықтық актілер орналастырылған.

Есепті кезеңде ресми сайтта https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press?lang=ruДепартаменттің қызметі туралы жаңалықтар лентасында 196 хабарлама орналастырылды.

Жалпы, Департамент тарапынан қабылданып жатқан ұйымдастырушылық, құқықтық және профилактикалық шаралар мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және заңнама талаптарын сақтауға бағытталған.

Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

Баяндама аяқталды, назарларыңызға рахмет!