СҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Т. Таласбаеваның «ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хаттамалық тапсырмасы аясында СҚО білім беру ұйымдарында жүргізілген құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жай-күйін талдау» тақырыбындағы сөйлейтін сөзінің тезистері

СҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету  департаментінің басшысы Г.Т. Таласбаеваның  «ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хаттамалық  тапсырмасы аясында СҚО білім беру ұйымдарында  жүргізілген құқықтық тәрбие және  құқық бұзушылықтың алдын алу  жұмыстарының жай-күйін талдау»  тақырыбындағы сөйлейтін сөзінің тезистері

Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуы мен ұлт болашағының берік негізі. Бұл бағытта Мемлекет басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, оларды қорғаудың тиімді тетіктерін қалыптастыруды және әрбір баланың жан-жақты дамуы мен сапалы білім алуы үшін жағдай жасауды мемлекеттік саясаттың басым міндеті ретінде айқындады.

Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары аясында балалардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған нақты шаралар қабылданып, олардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Президенттің бастамасымен бала құқықтарын қорғау, білім сапасын арттыру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында іргелі реформалар қабылданып, іске асырылуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Оқу-ағарту министрлігі бала құқықтары жөніндегі Уәкілмен және бейінді министрліктермен бірлесіп, 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын әзірледі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылы елімізде балалар саны шамамен 7 миллионды құрады, бұл жалпы халық санының 34%-ына тең. Соңғы 10 жылда тұрақты демографиялық динамиканың нәтижесінде балалар саны 1,5 миллионға артты.

Президенттің бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жыл сайын ҚР Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық балалардың шотына түседі. Бұл қаражат оқу ақысын төлеуге және тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының жұмысы аясында 120-ға жуық әлеуметтік жоба іске асырылды. Мәлім болғандай, елімізде орта білім алу тегін. Жылдан жылға ата-аналардың тегін білім беру қызметтеріне деген сенімі артып келеді. Бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған. 1-11 сынып аралығындағы оқушылар тегін оқулықтармен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, көмектің 49 түрін қамтитын әлеуметтік қолдау жүйесі жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған 10 негізгі заң қабылданды. Бұл заңдар балалардың өміріне, денсаулығына және психологиялық әл-ауқатына әсер етуі мүмкін қауіп-қатерлерден қорғау тетіктерін бекітеді.

Еліміз қабылдаған жүйелі шаралар мен қол жеткізілген нәтижелер «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының негізіне айналды. Тұжырымдама балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қабылданып жатқан шаралардың дәйектілігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол төрт негізгі бағытты қамтиды: қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, сондай-ақ отбасы құқығы және әлеуметтік қорғау.

Тиімділікті бағалау үшін 10 индикатор, ал іске асыру үшін 158 іс-шара қарастырылған.

«Қауіпсіздік» бағыты аясында жұмыс ағымдағы жағдайды ескере отырып жанданатыны атап өтілді. Ең алдымен, «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» қағидатын ауқымды түрде енгізу жоспарлануда. Бұл әрбір баланың өмірі, оқуы және дамуы үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етеді. Ал «Таза Қазақстан» акциясы балаларды тәрбиелеудің идеологиялық платформасы ретінде пайдаланылады.

Бүгінгі таңда елімізде 20 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді, барлық мектептерде қауіпсіздік сабақтары енгізілді, «111» байланыс орталығы қызмет атқаруда. Тұжырымдама аясында мектептерде педагог-психолог сағатын енгізу және зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету үшін 40 кабинет ашу жоспарланған. Құқық бұзушылықтың алдын алу және психологиялық көмек көрсету бойынша барлық шаралар әрбір баланың қауіпсіз ортада өмір сүруінің негізі болып табылады.

Соңғы жылдары балалар қауіпсіздігін жақсарту үшін бірқатар жүйелі шаралар қабылданды. Білім беру ұйымдары техникалық қауіпсіздік құралдарымен толық жабдықталған. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап жазғы лагерьлерді, ал 2027 жылдан бастап балабақшаларды лицензиялауды енгізу жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған ауқымды шаралар іске асырылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп салынды, сондай-ақ мектеп инфрақұрылымын жаңғырту бойынша іс-шаралар жүргізілді. Бұл балалардың заманауи әрі қауіпсіз оқу жағдайларына қол жеткізуін қамтамасыз етті және қала мен ауыл арасындағы білім беру ортасының сапасын теңестіруге мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ж. Сүлейменованың 2026 жылғы 2 сәуірдегі хаттамалық тапсырмасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарындағы құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жай-күйіне талдау жүргізді.

Департамент «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ ұсынған кәмелетке толмағандар арасындағы алдын алу жұмыстарын жандандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, СҚО білім беру ұйымдарында «Заң және Тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ «Сенім мен әл-ауқат аумағы» тақырыбындағы іс-шаралар жоспарын талдады.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша идеологиялық және түсіндіру жұмыстарына бағытталған іс-шаралар жоспары педагогтермен, білім алушылармен, ата-аналармен жұмыс істеу, балалардың әл-ауқатын арттыру бағыттарын қамтиды. Жұмыс жоспарына «ДосболLIKE» республикалық антибуллингтік бағдарламасының іс-шаралары, білім беру саласындағы 2025-2030 жылдарға арналған қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын және 2023-2026 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары енгізілген.

Жоспарларға құқықтық ағарту, сабаққа қатысуды бақылау, «тәуекел тобымен» жеке жұмыс және отбасылармен өзара іс-қимыл жасау шаралары енгізілгенін атап өту қажет. Алайда, жұмыс тиімділігі балалардың қосымша біліммен қамтылуы, Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жұмысы және есепте тұрған оқушылар санының азаюы бойынша бағалануы тиіс. Бұл ақпарат Департаментке ұсынылмаған.

Сонымен қатар, үш жылдық (2024-2026 жж.) құқық бұзушылықтар бойынша статистикалық деректерді талдау осы бағыттағы жұмыстың жеткіліксіз екенін көрсетеді.

2024-2026 жылдар аралығында барлығы 462 құқық бұзушылық жасалған, оның ішінде балалардың қатысуымен болған жол-көлік жарақаты (бұдан әрі – БЖКЖ) – 295 (38,9%). Жасалған құқық бұзушылықтардың жалпы саны – 757.

2024 жылы 331 құқық бұзушылық тіркелсе, оның ішінде БЖКЖ жағдайлары – 133; 2025 жылы – 349, БЖКЖ – 148; 2026 жылы – 77, БЖКЖ – 14. БЖКЖ жағдайларын есепке алмағанда, жасалған құқық бұзушылықтар саны 462-ні құрайды (2024 ж. – 198, 2025 ж. – 201, 2026 ж. – 63).

Құқық бұзушылық түрлері бойынша:

  • Аяқталған суицид: 2024-2026 жж. – 5 жағдай (Айыртау ауданы – 2, Аққайың ауданы – 1, Есіл ауданы – 1, Ғ. Мүсірепов ауданы – 1).
  • суицид әрекеттері: 2024-2026 жж. – 35 жағдай (Петропавл қ. - 26, Тайынша ауданы - 2, Мамлют - 2, Айыртау, Қызылжар, Ғ. Мүсірепов, М. Жұмабаев, Шал ақын аудандарында 1 жағдайдан).
  • буллинг: 2024-2026 жж. - 27 (Петропавл қ. - 7, Уәлиханов ауданы - 4, Есіл - 3, Мамлют - 3, Ғ. Мүсірепов, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар аудандарында 2 жағдайдан, Шал ақын және Аққайың аудандарында 1 жағдайдан).
  • кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар: 2024-2026 жж. – 94 (Петропавл қ. - 69, Қызылжар ауданы - 9, Есіл және М. Жұмабаев аудандарында 4 жағдайдан, Тайынша - 3, Айыртау - 2, Ақжар, Мамлют, Ғ. Мүсірепов аудандарында 1 жағдайдан).
  • кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар: 2024-2026 жж. - 200 (Петропавл қ. - 113, Қызылжар ауданы - 20, Тайынша - 14, Есіл - 14, Айыртау - 10, Шал ақын - 8, Ғ. Мүсірепов - 4, Аққайың, Жамбыл, Мамлют, Уәлиханов аудандарында 3 жағдайдан, Ақжар және Тимирязев аудандарында 2 жағдайдан, М. Жұмабаев - 1).

Жалпы қылмыстар санының ішінде жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар 6,34%-ды құрайды: 2024-2026 жж. - 48 (Петропавл қ. - 25, Қызылжар ауданы - 7, Есіл - 5, Шал ақын - 4, Тайынша - 3, Аққайың - 2, Айыртау және Ақжар аудандарында 1 жағдайдан).

2024-2026 жж. кәмелетке толмағандардың ерте жүктілігінің 36 жағдайы тіркелді (Петропавл қ. - 18, Қызылжар және Есіл аудандарында 4 жағдайдан, Шал ақын, Тайынша аудандарында 3 жағдайдан, Аққайың - 2, Айыртау және Ақжар аудандарында 1 жағдайдан).

2024–2026 жылдардағы балалардың жол-көлік жарақатының саны – 295 (Петропавл қ. – 174, Тайынша ауданы – 28, Айыртау – 23, Қызылжар – 23, Шал ақын – 9, Мамлют және Ғ. Мүсірепов аудандарында 7 жағдайдан, Есіл және М. Жұмабаев аудандарында 6 жағдайдан, Аққайың мен Жамбыл аудандарында 4-тен, Тимирязев – 2, Ақжар және Уәлиханов аудандарында 1 жағдайдан).

2024 жылдан 2026 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңде тіркелген құқық бұзушылықтар саны: Петропавл қаласында – 443, Қызылжар ауданында – 69, Тайынша ауданында – 56, Айыртау ауданында – 40, Есіл ауданында – 38, Шал ақын ауданында – 27, Мамлют пен Ғ. Мүсірепов аудандарында 16-дан, Аққайың ауданында – 13, М. Жұмабаев ауданында – 12, Жамбыл ауданында – 9, Уәлиханов ауданында – 8, Ақжар ауданында – 6, Тимирязев ауданында – 4.

Көрсеткіштері төмен аудандар (аутсайдерлер): Петропавл қаласы, Қызылжар, Тайынша, Есіл, Айыртау, Шал ақын және Мамлют аудандары.

Ұсынымдар:

  1. Білім басқармасы Петропавл қаласы мен Қызылжар, Тайынша, Есіл, Айыртау, Шал ақын, Мамлют аудандарында құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың туындау себептерін жою бойынша кешенді шаралар әзірлеуі қажет.
  2. Петропавл қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдарының басшылары білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін тиісті шаралар қабылдасын.