СҚО БСҚД басшысы Г.Т.Таласбаеваның тамыз конференциясында сөз сөйлеу тезистері
Құрметті Бейбут Каиркешевич!
Құрметті тамыз кеңесіне қатысушылар, әріптестер!
Жаңартылған конституциялық нормалар мен құндылықтарды білім беру практикасына енгізу 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) тікелей талаптарына сүйенеді.
Конституцияның 33-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет азаматтарға мемлекеттік мекемелерде ақысыз және міндетті бастауыш және негізгі орта білім алуға кепілдік береді. Ал осы баптың 4-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі – МЖМБС) сәйкес жүзеге асырылады. Осы жоғары құқықтық нормаларды орындау мақсатында МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі – ҮОЖ) және барлық пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ҮОБ) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Білім беру мазмұнын конституциялық нормалармен сәйкестендірілді.
2026-2027 оқу жылында жаңа пәндер мен курстар енгізіледі.
Мектепке бейімделу және қазақ тілін меңгеру үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қазақ тілінде оқитын және қосымша тілдік қолдауды қажет ететін бірінші сынып оқушылары үшін 1-сыныпта қазақ тілінде оқитын бірінші сынып оқушыларына бейімдеу бағдарламасы енгізіледі.
Базалық цифрлық гигиенаны қалыптастыру, алгоритмдік ойлауды және 1-4 сыныптарда ерте мектеп жасынан бастап АИ элементтерімен өзара әрекеттесудің бастапқы дағдыларын дамыту мақсатында «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» жаңартылған пән ретінде еңгізіледі.
Бағдарламалау саласындағы білімді тереңдету, машиналық оқыту алгоритмдерінің жұмыс принциптерін зерттеу, деректерді талдау және «Информатика және жасанды интеллек» – 5-9 сыныптарда оқу қызметінде АИ құралдарын тиімді қолдану мақсатында еңгізіледі.
IT саласында терең құзыреттіліктерді қалыптастыру, АИ қолданбалы технологияларын, нейрожелілер негіздерін игеру, жүйелі талдау және 10-11 сыныптарда жоғары технологиялық салаларда білім алушыларды кәсіби бағдарлауға дайындау мақсатында – «Информатика және жасанды интеллект» пәні.
Міндетті курстар.
5-7 сыныптарда «Конституция негіздері» курсы мемлекеттік құрылым, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, конституциялық міндеттері туралы негізгі түсініктерді қалыптастыруға бағытталған.
8-9 сыныптарда «Заң мен Тәртіп» курсы құқықтық сауаттылықты, әлеуметтік жауапкершілікті және заң талаптарын сақтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
10-11 сыныптрада «Заң мен Тәртіп» курсы құқықтық сауаттылық пен жауапкершілікті дамытуға, құқықтық нормаларды өмірлік жағдайларда қолдануға және қоғамдық өмірге жауапты қатысу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
5-9, 10-11 сыныптарда «Жеке қауіпсіздік» курсы қоғамдық және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, қауіпті және қиын жағдайларды анықтауға және қажетті жағдайда көмекке жүгінуге үйретуге бағытталған.
«Конституция негіздері» және «Заң мен Тәртіп» курстарын тарих және құқық негіздері мұғалімдері, ал «Жеке қауіпсіздік» курсын педагог-психолог бейнематериалдарды пайдалана отырып, тренинг форматында жүргізеді.
2026-2027 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру білім беру сапасына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып жүйелі түрде құрылады және 56 нормативтік құқықтық актілер негізінде іске асырылады. Қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланады https://adilet.zan.kz/.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 16 мамырдағы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес оқу мәдениеті білім, тәрбие және ағарту ісінің негізгі элементі ретінде қарастырылады.
Оқу мәдениетін қалыптастыру барлық пәндік салаларда жүзеге асырылуы керек. Оқу және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың дұрыс құрылған моделі оқу мәдениетін дамыту және оқырман ұрпағын қалыптастыру логикасына сәйкес келеді.
2026–2027 оқу жылынан бастап 2–4-сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Оқу үлгерімін ағымдық бақылау формативті, аралық және қорытынды бағалауды қамтиды. Формативті бағалау оқу үдерісі барысында жүргізіледі, аралық бағалау — оқу материалының белгілі бір көлемін (бөлімді немесе бөлімдерді) меңгеру аяқталғаннан кейін, ал қорытынды бағалау — тоқсан мен оқу жылының қорытындысы бойынша өткізіледі.
Бұл жүйе қатаң бақылаудан қолдау мен мотивация моделіне көшуді қамтамасыз ете отырып, білім алушылардың жеке үлгерімін бақылауға, олардың функционалдық сауаттылығын, академиялық адалдығын және жоғары деңгейдегі дағдыларды (коммуникация, ынтымақтастық, зерттеу қызметі) дамытуға бағытталған.
1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жоқтығын көздейтін қолданыстағы тәсіл сақталады.
«Келешек мектептері» Ұлттық жобасын жүзеге асыру
2026-2027 оқу жылында «Келешек мектептері» желісінің қызметі білім беру сапасын арттыруға, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және заманауи білім беру тәсілдерін енгізуге бағытталады. «Келешек мектептері» қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен басқарушылық шешімдерді апробациялау және енгізу бойынша ұлттық алаңдар ретінде қарастырылады. Мұндағы жинақталған озық тәжірибелер кейіннен Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне кеңінен таратылып, кезең-кезеңімен енгізілмек.
Ағымдағы оқу жылындағы тәрбие жұмысы бірыңғай тәрбие ортасын және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын қалыптастыруға бағытталған. Оның қалыптасуы мектептің, отбасының және әлеуметтік серіктестердің өзара әрекеттесуімен, сондай-ақ құндылықтардың білім беру процесі мен мектеп өмірінің барлық бағыттарына жүйелі интеграциясымен қамтамасыз етіледі.
Оқу-тәрбие процесінің негізгі басымдықтары: ‒ Конституция құндылықтарын, «Еңбек адамы» құндылығын, «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын оқу-тәрбие процесінің барлық бағыттарына жүйелі кіріктіру; ‒ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған брендбук негізінде мектептің ішкі ортасын безендіру арқылы білім беру ұйымының тәрбиелік әлеуетін арттыру; ‒ Әрбір оқу пәнінің мазмұнына Бағдарламада айқындалған құндылықтарды жүйелі кіріктіру арқылы білім алушылардың бойында тиісті құндылықтарды қалыптастыру.
Қызылжар ауданының білім беру ұйымдарының 2025 жылғы тексеру нәтижелері туралы.
2025 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауды өткізу жоспарына сәйкес Қызылжар ауданында 9 білім беру ұйымы аттестаттау жоспарланған.
Өткізілген жұмыс қорытындысы бойынша 8 мектеп бірінші реттен мемлекеттік аттестаттаудан өтті, бұл 88,9% құрайды (Новоникольский ОМ қ.,№2 Бескөл ОМ, Якорь ОМ, Вагулин ОМ, Архангельская ОМ, Новокаменская ОМ, Бугровое ОМ, Кондратовская ОМ).
Бір білім беру ұйымы (Налобин ОМ) қайта аттестаттау кезінде талаптарға сәйкестігін растады, бұл 2025 жылғы мамырдан 2026 жылғы сәуірге дейінгі кезеңде бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жүргізілген жұмыс туралы куәландырады.
Сонымен қатар, кешенді тестілеу нәтижелері білім алушылардың білім сапасының жеткіліксіз деңгейін көрсетеді. 4-сыныпта орташа көрсеткіш 19,3% құрайды, бұл бастауыш білім деңгейінде базалық білім мен оқу дағдыларының қалыптасу деңгейінің төмендігін көрсетеді. 9-сыныпта бұл көрсеткіш біршама жоғары және 37,2% құрайды, бірақ ол жеткіліксіз болып қалады және оқу материалын игеруде олқылықтардың бар екендігін көрсетеді.
2026 жылға облыстың 4 білім бөлімінде (М.Жұмабаев, Мамлют, Аққайың, Қызылжар аудандары) жоспарлы тексеру жүргізу жоспарланған, барлық тексерулер бірінші жартыжылдықта өткізілді. Қызылжар ауданының білім бөлімінің қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-1-бабының 3-тармағында айқындалған талаптардың бұзылуы анықталған жоқ.
2026 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауды өткізу жоспарына сәйкес Қызылжар ауданында 3 білім беру ұйымы (Новоникольское селосындағы «Ақжар» бөбекжай-бақшасы, Чапаев негізгі мектебі, Барнев бастауыш мектебі) аттестаттауға жатады.
Білім алушыларды сыртқы бағалаудың бір түрі - білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ).
ББЖМ–2026 қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы төмен нәтиже көрсетті. 106 мектеп, 3146 оқушы қатысты (4 - сынып - 1543, 9-сынып-1603).
4 сынып нәтижелері:
Оқу сауаттылығы: СҚО-487б, ҚР-501Б (айырмашылық-14б)
Математикалық сауаттылық: СҚО-457б, ҚР-498б (айырмашылық-41б)
Жаратылыстану сауаттылығы: СҚО-482б, ҚР-498б (айырмашылық-16б)
9-сынып нәтижелері:
Оқу сауаттылығы: СҚО-477б, ҚР-498б (айырмашылық-21б)
Математикалық сауаттылық: СҚО-420б, ҚР-497б (айырмашылық-77б)
Жаратылыстану сауаттылығы: СҚО-428б, ҚР-497б (айырмашылық-69б)
МОДО-2026-ға Қызылжар ауданының 8 мектебі («Парасат» мектеп-лицейі, Большемалышинская ОМ, Сивковская ОМ, Совхозная ОМ, Пеньковская ОМ, Қызылжар арнайы Абай мектебі, Пресновка ОМ, Приишим негізгі мектебі) қатысты. Қалалар, аудандар және мектептер бөлінісінде нәтижелер әлі берілген жоқ.
Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында МББҰ МЖМБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі, ал нәтижелерді талдау кейіннен әдістемелік көмек көрсету және білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін қажет. Оның нәтижелері оқушылардың дайындық деңгейін ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерді әдістемелік қолдаудың сапасын, басқару шешімдерінің нәтижелілігін және білім беру процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Құрметті ұстаздар, әріптестер!
Барлық тапсырмаларды сапалы орындау біздің қаншалықты үйлесімді жұмыс істей алатынымызға байланысты. Бірлескен күш-жігермен ғана біз қазақстандық білім беруді дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізе аламыз.
Әрбір педагогикалық ұжымға білім беру жүйесін одан әрі дамыту үшін жаңа идеяларды іске асырудың тиімді жолдарын табуға тілектеспін.
Жаңа оқу жылында біз балаларымыздың қауіпсіз, жайлы ортада сапалы білім мен саналы тәрбие алатынына үлкен үміт артамыз.
Сіздерді келе жатқан жаңа 2026-2027 оқу жылымен құттықтаймын! Кәсіби табыс тілеймін!