Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары облыстық білім ұйымдарына барып, зерделеу жүргізіп жатыр. 2025 жылғы 26 тамыз күні Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Каппасов «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы білім бөлімі бойынша Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы білім бөлімі бойынша Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейі» КММ педагогикалық кеңестеріне қатысты.