Білім беру мекемелерін жаңғыртуға бағытталған реновация бағдарламасы

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан 2025 жылғы 11 қыркүйек күні «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің күрделі жөндеудің аяқталуы қаралды.

2025 жылдың  26 наурыз бен 1 қыркүйек аралығында Зеренді ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі КММ-де білім беру мекемелерін жаңғыртуға бағытталған реновация бағдарламасы аясында ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл бастама білім беру сапасын арттыру, қауіпсіз әрі қолайлы оқу ортасын қалыптастыру, заманауи инфрақұрылым құру мақсатында қолға алынған болатын.

Бұл жаңарту бағдарламасы тек ғимараттың сыртқы келбетін жаңарту ғана емес, сонымен қатар, мектептің білім беру мазмұнын сапалы деңгейге көтеру үшін жасалған маңызды қадам болды.

Жөндеу жұмыстары барысында ғимараттың ішкі және сыртқы келбеті жаңартылып, ескі инженерлік жүйелер заманауи жүйелермен алмастырылды.

Мектепте заманауи жабдықтармен кабинеттер жабдықталды. Әрбір пән кабинеті жаңа тач панельмен және компьютерлік жабдықтармен қамтылды. Сонымен қатар, робототехника, STEM сынып, химия және биология зертханалары да пайдалануға берілді.

Спорт залы мен асхана да қайта жаңғыртылып, санитарлық талаптарға толық сай келетіндей етіп жабдықталды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  30  бейнебақылау орнатылған.

Жаңартылған мектеп – білім мен тәрбиенің ошағы ғана емес, оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін заманауи кеңістікке айналды.

 

Дата публикации
12 сентября 2025