Зеренді ауданы білім бөлімінде жоспарлы тексеру жүргізілді

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 344 бұйрығына сәйкес Зеренді ауданы білім бөлімінде жоспарлы тексеру Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59-1-бабының талаптарына сәйкес, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптарға сәйкес жүргізілді.

Тексеру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жәрдем көрсету, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру, Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру т.б. сұрақтар қаралды.

Дата публикации
12 сентября 2025