Білім алушыларға тасымалдауды ұйымдастыру бойынша кеңес

 

Білім алушыларға тасымалдауды ұйымдастыру жағдайын анықтау мақсатында Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Каппасов 2025 жылғы 16 қыркүйек күні аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен онлайн түрінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында тасымалданатын білім алушылар жайлы, елді мекен ішінде тасымалданатын балалардың саны, білім алушыларды тасымалдайтын автокөліктер, автокөлік жүргізушілері, мектеп маңындағы интернатта тұратын және оқитын балалар т.б. сұрақтар қаралды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 17 қыркүйектен бастап, Департамент мамандары  бірқатар  білім ұйымдарына барып, зерделеу жүргізетінін айтты.

Дата публикации
17 сентября 2025