Хабарландыру Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы әкімдігі Дариян, Зеленов, Мичурин, Шалғай, Бейбітшілік ауылдық округтері аумағындағы ауыл шаруашылығы өндірісін немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізілетіндігін хабарлайды. Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі.