Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 9 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 мамырдан бастап 31 мамыр аралығында «Жаңақала ауданы әкімінің аппараты», «Жаңақала аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ, «Жаңақала аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Жаңақала аудандық сәулет қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ, «Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Жаңақала аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, «Жаңақала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Жаңақала аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ және «Мастексай ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, «Көпжасар ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, «С.Меңдешев ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, «Пятимар ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.