Үкіметпен бірлесіп қабылданып жатқан шаралар экономиканы кредиттеуді айтарлықтай төмендетуге, әсіресе экономиканы барынша зардап шеккен салаларында төмендетуге жол бермеуге мүмкіндік береді

Үкіметпен бірлесіп қабылданып жатқан шаралар экономиканы кредиттеуді айтарлықтай төмендетуге, әсіресе экономиканы барынша зардап шеккен салаларында төмендетуге жол бермеуге мүмкіндік береді

Төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Агенттік қаржылық қиындықтарға тап болған халық пен бизнеске қолдау көрсету үшін бірқатар шараларды қабылдады. Бұл туралы бүгін Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова ҚР Үкіметінің отырысында сөз сөйлеген кезде хабарлады.

16 наурыз – 15 маусым аралығындағыкезеңде жеке тұлғалар және ШОБ субъектілері үшінкредиттер бойынша төлемдерін кейінге қалдыру берілді.

Бұл кезеңде1 890 443адамның немесе барлық жеке тұлға қарыз алушының34%-ының төлемдері кейінге қалдырылды. Аталған төлемдер сомасы268 млрдтеңгені құрады.

Қаржы реттеушісінің статистикасына сәйкес, кредиттерді қайта құрылымдауға12 455 ШОБ субъектісіөтініш жасады. Бұл ШОБ кредит алушыларының41,5%-ынқұрайды. Қайта құрылымдалған төлемдердің жалпы сомасы165 млрдтеңге болды.

Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде барынша зардап шеккен 12 сала және 346 экономикалық қызмет түрі қамтылды.

Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, ШОБ субъектілерінің кредиті қайта құрылымдалған жалпы санынан34%-ы саудаға,11%-ысұлулық салондары, химиялық тазалауға, шаштараз қызметтеріне,5%-ыкөлік пен қоймаға жинауға, 4%-ықоғамдық тамақтануға,3%-ытуризмге,  1%-ықонақ үй саласына жатады.

            «Төтенше жағдай кезеңінің аяқталуына қарамастан, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметін қайта құру бір қалыпты және толық емес. Тауарлар мен қызметтерге сұраныс көлемі қысқарып, айналым мен түсім азайды және нәтижесінде алынған кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау  мүмкіндігі төмендеді. Осыған орай, Агенттік екінші деңгейдегі банктермен және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен бірлесіп ШОБ субъектілеріне қолдау көрсетудің қосымшашараларыніске асыруда. Ол үшін 2020 жылғы 15 маусымдаШағын және орта бизнес субъектілеріне қосымша қолдау шараларын көрсетудің жаңа тәртібібекітілді», - деді қаржы реттеушісінің басшысы.

Қосымша шараларға сәйкес,2020 жылғы 16 маусым – 15 қыркүйек аралығындаШОБ субъектісі қосымша қолдау шараларын көрсету туралы банкке немесе микроқаржылық ұйымға өтініш жасауға құқылы, бұл өтінішті кредиттік ұйым 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.

  Кредиттік ұйым әрбір кәсіпкер бойынша оның қаржылық жағдайын, төтенше жағдай мен карантиннің ШОБ субъектісінің қаржы-шаруашылық қызметіне әсерін және қаржылық жағдайын қайта құрудың перспективасын жеке бағалайды.

ШОБ субъектілерінің қаржылық жағдайы анық нашарлаған жағдайда, кредиттік ұйымдар қолдау көрсетудің екі бағытын ұсынады.

Біріншіден,бұл уақытша қаржылық қиындыққа тап болған қарыз алушының кредиті бойынша төлемдерді қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін жеткілікті кезеңге кейінге қалдыру. Кейінге қалдыру мерзімі кемінде күнтізбелік 90 күн.

Бұл шара бизнестің борыш жүктемесінің айтарлықтай өсуіне апармайды. Төлеу мерзімі бұрын кейінге қалдырылған төлемдерді қарыз мерзімінің соңына дейін бөлу түрінде кредитті өтеудің жаңа кестесін жасау не оның мерзімін кейінге қалдыру кезеңінің мерзіміне ұзарту арқылы кейінге қалдырылады.  

Екіншіден,бұл кредитті нарықтық мөлшерлемелермен кредиттерге қызмет көрсететін қарыз алушылар үшін жеңілдік берілген талаптармен, кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қайта қаржыландыру.

Бұл мүмкіндікті барлық ШОБ  субъектілері, оның ішінде төлеу мерзімі кейінге қалдырылған субъектілер пайдалана алады деп қорытындылады М. Әбілқасымова.

Жеңілдік берілген мөлшерлемелерді және мемлекет тарапынан кепілдіктер алу мүмкіндігін көздейтін кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде кредиттерді қайта қаржыландыру – М. Әбілқасымова

Ұлттық Банк Агенттікпен бірлесіп айналым капиталын толықтыруға ШОБ субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын іске асыруда. Осы Бағдарлама бойынша кредиттер 8%-ға дейін мөлшерлемемен 1 жылға дейін мерзімге беріледі. Бағдарламаның жалпы көлемі 600 млрд теңге.

Осы Бағдарлама шеңберінде қазіргі кезде259 млрд теңге сомаға кредиттерберілді.

ШОБ субъектілерінің борыш жүктемесін азайту үшін Бизнестің жол картасы – 2025 бағдарламасы бойынша кредиттер 6%-дық мөлшерлемемен қайта қаржыландырылуда.

ШОБ субъектілерінде кепілдің болмауын ескере отырып, Даму қоры тарапынан кредит сомасының 85%-на дейін кепілдік беріледі.

Қазіргі уақытта экономиканың зардап шеккен салаларындағы 14,5 мың субъектіден мемлекеттік бағдарламалармен барлығы 5 мың ШОБ субъектісі қамтылған.

Бұдан басқа, қайта қаржыландырудың қосымша мүмкіндіктері сыйақы мөлшерлемесін портфельдік субсидиялауды және қарыз алушы үшін сыйақының жылдық 6% түпкілікті  мөлшерлемесімен кепілдік беруді көздейтін микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшінжаңа бағытбереді.

 

Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:

+7 (727) 2788 121

Fingramota@finreg.kz

www.finreg.kz