ҚНРДА қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шаралары туралы айтып берді

ҚНРДА қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шаралары туралы айтып берді

2021 жылғы 1-тоқсанда қаржы реттеушісі жеке және заңды тұлғалардың қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметімен байланысты5102өтінішін қарады.

Өтініштердің көп бөлігі банк секторына (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға) тиесілі, ол өтініштердің жалпы санының 67%-н құрайды.

Қаржы нарығының секторлары бойынша үлес былайша бөлінген:

  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша – 8,7%
  • сақтандыру нарығының субъектілері – 1,7%
  • коллекторлық агенттіктер – 3,3%
  • өзге ұйымдар – 19,3%

«Берешекті қайта құрылымдау және қайта қаржыландыру банк секторындағы өзекті мәселелер болып қалады береді. Бұл бағытта Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру да қаралатындығын атап өткен жөн. Сонымен қатар азаматтар қаржы ұйымдарының басқа банктердегі шоттарда тұрған ақшаны акцептеусіз тәртіппен өндіріп алуына қатысты жүгінуде. Бұдан басқа, бірқатар тұтынушылар банк  секторы бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіндіруге немесе банктік қарыз шартының талаптарын ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруге өтініш беруде», - деді Агенттіктің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Сақтандыру төлемін жүзеге асырмау сақтандыру секторындағы ең сұранысқа ие мәселе, - деп атап өтті Терентьев. Бұл ретте осы сектордағы өтініштердің пайызы ең төмен. Бұдан басқа, сақтандыру шарты талаптарының ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес болуын тексеру туралы бірнеше өтініш келіп түсті.

Микроқаржы секторында микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету және микроқаржы ұйымының қызметін тексеру мәселелері өзекті болып қала береді. Тұтынушылар көбінесе микроқаржылық  қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жеткілікті түсінбейді және түсініктеме алу үшін қаржы реттеушісіне жүгінеді. 

«Коллекторлық агенттіктерге келсек, ең жиі көтерілетін мәселе – қызметкерлер іс-әрекеттерінің заңсыздығы. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың барлық өтініштері бойынша құжаттамалық тексерулер жүргізілді, өтініш берушілерге ресми жауаптар берілді. Қазір карантин режиміне байланысты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Covid-19 таралуына жол бермеу мақсатында Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті аудиоконференция байланысы арқылы әр сейсенбі және жұма күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды», - деп атап өтті Александр Терентьев.

Қабылдауға жазылу үшін мына деректерді жіберу қажет: қаржы ұйымының толық атауы, өтініштің қысқаша сипаты және міндетті түрде «қабылдауға жазылу» тақырыбын көрсету қажет. ӨтініштіYermek.Utemisov@finreg.kzэлектрондық мекенжайына жіберу керек. Қаржылық қызметтерді тұтынушылар қаржы реттеушісіне А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй мекенжайына жазбаша өтініш жіберу арқылы, +7 (727) 237-11-11 телефон нөмірі арқылы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, өтініштіinfo@finreg.kze-mail бойынша жіберу арқылы жүгіне алады.

Агенттіктің бастамасымен жүргізілген тексерістер нәтижесінде 2021 жылғы 1-тоқсанда:

  • 31 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы
  • 10 жазбаша ұйғарым
  • жалпы сомасы 6,94 млн тг құрайтын 28 әкімшілік жаза қолданылды.

Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржы секторындағы жүйелік бұзушылықтарды жою бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырады.