Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне  банктік және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне  банктік және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жоба № 232 қаулыдағы[1] және № 248 қаулыдағы[2] Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 55 қаулысымен бекітілген Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларына ұқсас қаржы ұйымдарының тіркеуге жататын мүліктің кепілімен қамтамасыз етілмеген қарыздар бойынша ғана банктік қарыз/микрокредит бергенге дейін қарыз алушының кредит қабілеттілігіне талдау жүргізу бойынша талаптарды нақтылауды көздейді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен интернет-порталда танысуға болады.

 

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz

 

[1] «Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысы;

[2] «Банктік қарыз шартын жасасу қағидаларын, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу кестесінің және қарыз алушы - жеке тұлғаға арналған жадынаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 248 қаулысы;