«Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.
Жоба микроқаржы ұйымдары қызметкерлерінің мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылармен өзара іс-қимыл тәртібін белгілеу мақсатында әзірленді.
Өзара іс-қимыл тәртібінде жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі аралықта аптасына 3 реттен артық емес қарыз алушының тұрғылықты жеріне бару не микроқаржы ұйымының бөлімшесінде немесе ломбардта кездесу өткізу, жұмыс күні сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі аралықта 3 реттен және демалыс күні сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі аралықта 2 реттен артық емес телефон арқылы сөйлесу көзделеді.
Сонымен қатар өзара іс-қимылды жүзеге асыру кезінде қарыз алушыға берілетін ақпарат бойынша талаптар, сондай-ақ жосықсыз әрекеттер тізбесі белгіленеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен «Ашық НҚА» интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz