Нормативтік құқықтық акті әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) «Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын, жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит алуға жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулы жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жобада банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу тәртібі көзделеді және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде банктік қарыз немесе микрокредит алуға жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын тұтынушылық банктік қарыздың немесе тұтынушылық микрокредиттің ең төменгі мөлшері бекітілген.
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15120677 интернет-порталында танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz