2021 жылғы қыркүйекте екі банк және МҚҰ -ға айыппұл салынды

2021 жылғы қыркүйекте екі банк және МҚҰ -ға айыппұл салынды

Баспасөз релізі

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) 2020 жылғы сәуірден бастап халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге де ұйымдардың жарнамалық қызметіне алаяқтық және басқа да заңсыз іс-әрекеттердің мүмкіндігі тұрғысынан жүйелі мониторинг жүргізуде.

 Мәселен, 2021 жылғы қыркүйекте «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ-қа қатысты қарыздарды жариялау кезінде ол бойынша сыйақы шамалары жөнінде ақпаратты тарату кезінде сыйақы мөлшерлемесін (бұдан әрі - ЖТСМ) дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеуде көрсетпегені үшін айыппұл (145 850 теңге) түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-қа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау күні шындыққа сәйкес келмейтін дәйексіз жарнама  орналастырғаны үшін әкімшілік айыппұл (408 380 теңге) салынды.

«ФинтехФинанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ға қатысты Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін талаптарда микрокредит ұсынуға байланысты жарнама орналастырғаны үшін әкімшілік айыппұл (437 550 теңге) салынды.

2021 жылғы қыркүйекте бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне, сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты бұзушылықтар, сондай-ақ заңсыз іс-әрекеттер мен алаяқтық фактілері анықталған жоқ.

Қаржы ұйымдарының жарнамалық қызметінің мониторингтеу көздері мыналар:

  • қаржы және өзге де ұйымдардың Агенттікке, оның ішінде Агенттіктің сұратуы бойынша ұсынған құжаттары мен ақпарат;
  •  жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан түскен өтініштер, құжаттар және ақпарат;
  • қаржы ұйымдарының және өзге де ұйымдардың сайттары;
  • Facebook, Twitter, Instagram, «ВКонтакте», Telegram әлеуметтік желілері;
  • қаржы ұйымдарының және басқа да ұйымдардың мобильді қосымшалары;
  • теле-, радиоарналардағы, қоғамдық көліктердегі, мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама, сондай-ақ сыртқы жарнама болып табылады.
  • Мониторинг Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның облыс орталықтарында жүргізілді.

        

Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласыңыз

+7 (727) 237 1000

Баспасөз қызметі

+7 727 237 1090, press@finreg.kz