Нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) мынадай Агенттік Басқармасы қаулыларының жобаларын (бұдан әрі – Жобалар) әзірледі:
1) Банк омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы;
2) Микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы.
Қаулылардың жобалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді.
Жобалар банк және микроқаржы омбудсмандарын сайлау, олардың қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру тәртібін регламенттеуді көздейді.
Қаулы жобаларының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15100156,
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15100166.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz