Банктік қызметтерді көрсету және клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларына өзгерістер енгізу

Банктік қызметтерді көрсету және клиенттердің  өтініштерін қарау қағидаларына өзгерістер енгізу

Банктік қызметтерді көрсету және клиенттердің

өтініштерін қарау қағидаларына өзгерістер енгізу

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба төлем қызметтері нарығындағы бәсекелестікті күшейту және халық пен бизнес үшін төлем қызметтерін алуға байланысты ықтимал шығындармен танысу және бағалау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Жобада екінші деңгейдегі банктердің жеке және заңды тұлғалардың қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде алынатын комиссиялардың толық тізбесін жариялауы жөніндегі талапты бекіту көзделеді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15085916 сілтемесі бойынша  және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсындағы «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz