Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2024 жылғы 1 мамырдағы жұмыс қорытындылары туралы

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2024 жылғы 1 мамырдағы жұмыс қорытындылары туралы

2024 жылғы сәуірде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың тұтынушылық қарыз бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы өтініштерін қараумен және олардың борыш жүктемесін төмендету шараларын қабылдаумен байланысты болды.

2024 жылғы сәуірде Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың10 380өтінішін қарады, бұл 2024 жылғы наурызбен салыстырғанда  32,8%-ғакөп.

Өтініштердің ең көп үлесі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға тиесілі, ол өтініштердің жалпы санының45,6%-ынқұрады.Банк секторының қызметі мәселелері бойынша өтініштер жалпы санның40,0%-ын, коллекторлық агенттіктердің5,0%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің2,1%-ын, өзге ұйымдардың5,1%-ын,қаржы ұйымдарының атауын көрсетпей2,2%-ынқұрады.

Агенттік 2024 жылғы сәуірде5ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын,6жазбаша ұйғарым,2жазбаша ескерту, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы25хаттама бойынша8,3 млнтеңге жалпы сомаға10әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:

-  банктерге – 3ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және  әкімшілік құқық бұзушылық туралы3хаттама бойынша2,2млн теңгежалпы сомаға3әкімшілік жаза;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына –2ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы;

-  микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға –6жазбаша ұйғарым,2жазбаша ескерту және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы20хаттама бойынша5,4 млн теңгежалпы сомаға  4әкімшілік жаза;

- коллекторлық агенттіктерге – әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы2хаттама бойынша739 мыңтеңге жалпы сомаға3әкімшілік жаза қолданылды.

Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалу және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.

Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банктер201 млрдтеңге сомаға 32,4 мыңқарызды қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер114 млрдтеңге сомаға15,6 мыңвалюталық ипотекалық қарызды айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды айырбастау/қайта қаржыландыру 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша10,6 мыңХӘОТ-қа жататын қарыз алушыға85 млрдтеңге сомаға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде қосымша көмек 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін көрсетіледі.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz