Бірлескен бұйрыққа қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі «Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге кредиттік каникул беру пилоттық жобасын іске қосу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды.
Пилоттық жобаны іске асыру үшін Агенттіктің, Қорғаныс министрлігінің, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тың, «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-нің және кредиторлардың өзара іс-қимыл тәртібін көздейтін Алгоритм бекітілді.
Алгоритм 2024 жылғы 14 мамырдан бастап күшіне енді және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге олардан кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыруға өтініш талап етілмей автоматты түрде кредиттік каникул беруді көздейді.
Әскери қызметшілердің тізімі Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы тікелей кредиттік бюроларға жіберіледі, олар тізімді мерзімді әскери қызметті өткерудің барлық кезеңіне және оны аяқтағаннан кейін 30 күн өткен соң сыйақы есептемей кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру үшін кредиторларға береді.
Төлемдерді кейінге қалдыру төлемдердің мөлшерін сақтай отырып немесе азайта отырып, қарыз мерзімін ұлғайту түрінде төлемдердің жаңа кестесін белгілеу арқылы ұсынылады.
Осыдан бұрын, Қорғаныс министрлігі мен Агенттіктің арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мерзімді әскери қызметке шақырылған 9 609 қарыз алушыға берілген.
Толығырақ ақпаратты мынадай телефон арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 213
e-mail: press@finreg.kz
www.finreg.kz