Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру барысы туралы

Баспасөз релизі

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бірнеше блоктан тұрады.

Бірінші блок 2004 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде қарыздар алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Қазақстан Ұлттық Банкі аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға 130 млрд теңге бөлді. 

2020жылғы1наурыздағыжағдай бойынша қарыздарды қайта қаржыландыруға банктерге33 941өтінім берілген, оның ішінде қайта қаржыландыруға173,3 млрд теңгесомасына27 967қарызмақұлданды, револьверлік тетікті ескере отырып159,8 млрдтеңгесомасына26 846қарызқайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші блогында 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру көзделген. Қарыздар Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландырылады.

2020жылғы1наурыздағыжағдай бойынша валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға банктерге9 549өтінім берілген, оның ішінде қайта қаржыландыруға81 млрд теңгесомасына8 985қарызмақұлданды,67,4 млрд теңгесомасына7 656қарызқайта қаржыландырылды.

Өңірлер және банктер бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратпен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігініңwww.finreg.kzсайтында «Банктердің ақшаны игеру туралы ақпарат»  бөлімінде толық танысуға болады.

Қарыздың Бағдарламаның талаптарына сәйкестігін айқындау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш жасау қажет.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Бағдарламаға қатысушы банктерге/ипотекалық ұйымдарға қарыздары Бағдарлама бойынша «халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты бойынша қайта қаржыландырылған қарыз алушылардың қаржылық және әлеуметтік жағдайын мұқият, жан-жақты талдау негізінде, тараптардың келісімі бойынша қарыз алушыларды оңалтудың қосымша тетіктерін жеке тәртіппен қолдану құқығы берілді.

Банктің балансындағы тұрғын үйді қарыз алушының меншігіне қайтару мақсатында  қаржы институттарына қарыз алушыны қаржыландыруды жүзеге асыру не оған кейіннен сатып алу мүмкіндігімен тұрғын үйді жалға беру құқығы беріледі.

Бағдарламаны іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның барлық өңірлерінде қарыз алушылардың Банктердің Бағдарлама шеңберінде қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Комиссиялар құрамына Агенттіктің өңірлік өкілдері, әкімдіктер, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер кіреді.

Бағдарлама шарттарымен Агенттіктіңсайтында«Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде танысуға болады. Осы сілтеме бойынша қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасауы үшін банк қызметкерлерінің байланыс телефондары және банктердің ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мәселесін қарауына қажетті құжаттар тізбесі берілген. Сондай-ақ, www.finreg.kz және www.fingramota.kz сайттарында «кері байланыс» функциясы және Бағдарламаны іске асыру шарттары бойынша сұрақ қою мүмкіндігі бар. Бағдарлама бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарорналастырылған.

Сұрақтар туындаған жағдайда қарыз алушылар Агенттіктің өңірлік өкілдер басқармаларына және банктерге олардың аумақтық тиесілігіне сәйкес өтініш жасау керек.

 

Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

+7 (727) 2788 121

e-mail: Fingramota@finreg.kz

www.finreg.kz