Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2024 жылғы 1 сәуірдегі жұмыс қорытындылары туралы

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2024 жылғы 1 сәуірдегі жұмыс қорытындылары туралы

2024 жылғы наурызда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың тұтынушылық қарыз бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы өтініштерін қараумен және олардың борыш жүктемесін төмендету шараларын қабылдаумен байланысты болды.

2024 жылғы наурызда Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың7 815өтінішін қарады, бұл 2024 жылғы ақпанмен салыстырғанда 15,4%-ғааз.

Өтініштердің ең көп үлесі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға тиесілі, ол өтініштердің жалпы санының50,3%-ынқұрады.Банк секторының қызметі мәселелері бойынша өтініштер жалпы санның36,1%-ын, коллекторлық агенттіктердің5,3%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің1,8%-ын, өзге ұйымдардың4,3%-ын,қаржы ұйымдарының атауын көрсетпей2,2%-ынқұрады.

Агенттік 2024 жылғы наурызда4ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын,6жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 6 хаттама бойынша3,3 млнтеңге жалпы сомаға5әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:

  • банктерге – 4ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және  әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 хаттама бойынша1,5млн теңгежалпы сомаға1әкімшілік жаза;
  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға –6жазбаша ұйғарым және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 2 хаттама бойынша775мың теңгежалпы сомаға2әкімшілік жаза;
  • коллекторлық агенттіктерге – әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 3 хаттама бойынша1,1 млн теңгежалпы сомаға2әкімшілік жаза қолданылды.

Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалу және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.

Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банктер199 млрдтеңге сомаға 32 мыңқарызды қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер114 млрдтеңге сомаға15 мыңвалюталық ипотекалық қарызды айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды айырбастау/қайта қаржыландыру 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша10,6 мыңХӘОТ-қа жататын қарыз алушыға79,7 млрдтеңге сомаға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде қосымша көмек 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін көрсетіледі.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz