«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысын қабылдау туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банктік және микроқаржылық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 29 наурыздағы №17 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы микроқаржылық қызметті  жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – микроқаржы ұйымдары) үшін микрокредит алу үшін қажетті құжаттарды қалыптастыру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін талап етуге тыйым салуды, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың кредиттік есебінде кредит алудан ерікті түрде бас тартуы болған кезде банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін кредит беруге тыйым салуды көздейді.

Сонымен қатар, Қаулыда микроқаржы ұйымдары үшін нотариусқа микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу үшін атқарушылық жазба жасау туралы өтінішті нотариус қызметінің аумағы бойынша емес, борышкердің шартта көрсетілген мекенжайына сәйкес беруге шектеу көзделеді.

Қаулының толық мәтінімен электрондық түрде https://zan.gov.kz/client/#!/doc/195000/kaz Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.

Неғұрлым толық ақпаратты мынадай телефон арқылы алуға болады:

+7 (727) 2 371 213

e-mail: press@finreg.kz

www.finreg.kz