Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2024 жылғы 1 наурыздағы жұмыс қорытындылары туралы

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2024 жылғы 1 наурыздағы жұмыс қорытындылары туралы

2024 жылғы ақпанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың тұтынушылық қарыз бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы өтініштерін қараумен және олардың борыш жүктемесін төмендету шараларын қабылдаумен байланысты болды.

2024 жылғы ақпанда Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың9 237өтінішін қарады, бұл 2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда  17,5%-ғакөп.

Өтініштердің ең көп үлесі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға тиесілі, ол өтініштердің жалпы санының48,8%-ынқұрады.Банк секторының қызметі мәселелері бойынша өтініштер жалпы санның37,7%-ын, коллекторлық агенттіктердің4%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің1,4%-ын, өзге ұйымдардың8,1%-ынқұрады.

Агенттік 2024 жылғы ақпанда6ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын,10жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 19 хаттама бойынша8,5 млнтеңге жалпы сомаға16әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:

-  банктерге – 5ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 6 хаттама бойынша4,3млн теңгежалпы сомаға6әкімшілік жаза;

-  банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға –1ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына –1жазбаша ұйғарым;

- микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға –6жазбаша ұйғарым және  әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 5 хаттама бойынша1,9 млн теңгежалпы сомаға2әкімшілік жаза;

- коллекторлық агенттіктерге –3жазбаша ұйғарым және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 8 хаттама бойынша2,3 млн теңгежалпы сомаға8әкімшілік жаза қолданылды.

Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалу және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.

Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктер199 млрдтеңге сомаға 32 мыңқарызды қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер114 млрдтеңге сомаға15 мыңвалюталық ипотекалық қарызды айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды айырбастау/қайта қаржыландыру 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша10,6 мыңХӘОТ-қа жататын қарыз алушыға79,7 млрдтеңге сомаға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде қосымша көмек 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін көрсетіледі.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz