Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2024 жылғы 1 ақпандағы жұмыс қорытындылары туралы

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2024 жылғы 1 ақпандағы жұмыс қорытындылары туралы

2024 жылғы қаңтарда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың тұтынушылық қарыз бойынша берешекті қайта құрылымдауға жәрдемдесу туралы өтініштерін қараумен және олардың борыш жүктемесін төмендету шараларын қабылдаумен байланысты болды.

2024 жылғы қаңтарда Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, сақтандыру және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың7 861өтінішін қарады, бұл 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда  21,1 %-ғакөп.

Өтініштердің ең көп үлесі банктік секторға тиесілі, ол өтініштердің жалпы санының42,8%-ынқұрады.Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштер жалпы санның42,2%-ын, коллекторлық агенттіктердің5,9%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің1,7%-ын, өзге ұйымдардың5,4%-ын, қаржы ұйымының атауын көрсетпей  2%-ынқұрады.

Агенттік 2024 жылғы қаңтарда9ұсынымдық қадағалап ден қою шарасын,4жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 34 хаттама бойынша14,8 млнтеңге жалпы сомаға12әкімшілік жаза қолданды, оның ішінде:

- банктерге – 7ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 20 хаттама бойынша12,9 млн теңгежалпы сомаға5әкімшілік жаза;

-  банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға –1ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 5 хаттама бойынша94,6 мыңтеңге жалпы сомаға1әкімшілік жаза;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына –1ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 1 хаттама бойынша345 мыңтеңге жалпы сомаға1әкімшілік жаза;

- коллекторлық агенттіктерге –1жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 8 хаттама бойынша1,5 млн теңгежалпы сомаға5әкімшілік жаза;

- микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға –3жазбаша ұйғарым қолданды.

Агенттік жалғыз баспананы сақтап қалу және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) үш бағыт бойынша іске асыруда.

Бағдарламаның 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтауға бағытталған бірінші бөлігі шеңберінде 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банктер199 млрдтеңге сомаға 32 мыңқарызды қайта қаржыландырды.

Бағдарламаның 01.01.2016ж. дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер114 млрдтеңге сомаға15 мыңвалюталық ипотекалық қарызды айырбастауды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Валюталық қарыздарды айырбастау/қайта қаржыландыру 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша10,6 мыңХӘОТ-қа жататын қарыз алушыға79,7 млрдтеңге сомаға қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде қосымша көмек 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін көрсетіледі.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz