Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдауды өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойған «халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастыру жөніндегі міндеттер шеңберінде, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметі шеңберінде Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова азаматтарды кезекті қабылдауды өткізді.
Қабылдау барысында азаматтардың Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысуына, сондай-ақ азаматтардың банктердегі және микроқаржы ұйымдарындағы қарыздары бойынша мерзімі өткен берешекті реттеуге қатысты мәселелер қаралды.
Мәдина Әбілқасымова бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайтынын, азаматтар айтқан барлық мәселелер заңнама нормаларын сақтай отырып орындалатынын атап өтті.
2023 жылы Агенттікке азаматтардан 62,1 мың өтініш келіп түсті. Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерінің негізгі үлесі банк секторына тиесілі – 53% немесе 32,9 мың өтініш. Микроқаржы ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша – 29% немесе 18 мың өтініш, сақтандыру нарығы субъектілерінің мәселелері бойынша өтініштер – 2% немесе 1,5 мың өтініш, қаржы нарығының өзге субъектілері – 16% немесе 9,7 мың өтініш.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Агенттікке азаматтардан 7,9 мың өтініш келіп түсті. Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерінің негізгі үлесі банк секторына тиесілі – 42,8% немесе 3,4 мың өтініш. Микроқаржы ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша – 42,2% немесе 3,3 мың өтініш, сақтандыру нарығы субъектілерінің мәселелері бойынша өтініштер – 2% немесе 0,1 мың өтініш, қаржы нарығының өзге субъектілері – 13% немесе 1,1 мың өтініш.
Қаржы ұйымдарына қатысты қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде анықталған бұзушылықтар бойынша 2023 жылы жалпы сомасы 189,8 млн теңгеге 223 шара және 161 әкімшілік жаза қолданылды.
Агенттік азаматтардың банктік қарыздары мен микрокредиттері бойынша мерзімі өткен берешекті реттеудің бірыңғай тәртібін іске асыру мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады.
2023 жылы проблемалық берешекті реттеу шеңберінде 815 мың қарыз алушының берешегі қайта құрылымдаудан өтті, оның ішінде банктік қарыздар бойынша 330 мың қарыз алушының, микрокредиттер бойынша 485 мың қарыз алушының берешегі қайта құрылымдалды.
Халықпен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін Агенттікте call-орталық жұмыс істейді. 2023 жылы call-орталыққа азаматтардан шамамен 20,5 мың қоңырау келіп түсті. «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы азаматтардан 1,7 мыңнан астам өтініш келіп түсті.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша call-орталыққа азаматтардан шамамен 1 248 қоңырау келіп түсті. «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы пайдаланушылардан 176 сұрақ пен өтініш келіп түсті.
Агенттікте Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, онда азаматтар қаржы ұйымдарының қызметіне қатысты ақпараттық-анықтамалық сипаттағы консультациялар ала алады. 2023 жылы Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 1 478 азамат жүгінді, оның ішінде банк қызметі мәселелері бойынша – 1 097 өтініш, микроқаржылық қызмет бойынша – 218 өтініш, коллекторлық агенттіктердің қызметі бойынша – 54 өтініш, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі бойынша – 25 өтініш, өзге мәселелер бойынша – 84 өтініш.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне консультация алу үшін 135 азамат жүгінді, оның ішінде банк қызметі мәселелері бойынша – 98, микроқаржылық қызмет бойынша – 14, коллекторлық агенттіктердің қызметі бойынша – 2, өзге мәселелер бойынша – 21 адам.
Сонымен бірге Мәдина Әбілқасымова халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға қатысты мәселелер Агенттіктің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Мәселен, Ипотекалық (тұрғын үй) қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асырудың барлық кезеңінде 313 млрд теңге сомаға 47 мың қарыз алушының кредиттік жағдайлары қайта қаралып, 79,7 млрд теңге сомаға 10,6 мың қарыз алушыға қолдау шаралары көрсетілді.
Мәдина Әбілқасымова қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау Агенттіктің аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынын, азаматтарды қабылдау жүйелі негізде жүргізілетінін атап өтті.
Агенттік өкілдері өтініш берушілердің әрбір өтінішін қарайды және банк, сақтандыру, микроқаржы салаларындағы, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюролардың, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіндегі заңнама нормаларына егжей-тегжейлі түсіндірмелер береді. Қажет болған жағдайда Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері банктердің, микроқаржы ұйымдарының немесе қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыра алады.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты – дүйсенбі – жұма аралығы, сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін және сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.
Сіз сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығы Қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізетін азаматтардың жеке қабылдауына жазыла аласыз.
Қосымша консультация алу үшін Агенттікке төмендегідей хабарласуға болады:
- «1459» нөмірі бойынша Call-орталық (жұмыс кестесі дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін);
- «𝑭𝒊𝒏𝒈𝒓𝒂𝒎𝒐𝒕𝒂 𝑶𝒏𝒍𝒊𝒏𝒆» мобильді қосымшасы арқылы, оны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Call-орталыққа 1459, +7 (727) 237 1000 нөмірлері бойынша хабарласуға болады (мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін)
Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма сағат 09: 00-ден 17: 00-ге дейін
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz