«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысын қабылдау туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 4 «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысын қабылдады банк операцияларының жекелеген түрлерін, банк қызметтерін ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін жүзеге асыратын (бұдан әрі - Қаулы).
Қаулы мыналарды көздейді:
- қарыздар мен салымдарды жарнамалау кезінде сыйақының шекті ставкаларының ауқымын көрсету;
- қаржылық қызметтерді тұтынушыларды банктік шот пен салым шартының елеулі талаптары туралы хабардар ету;
- банк қызметкерінің мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушымен өзара іс-қимыл тәртібін айқындау;
- міндеттемелерді орындауды кешіктірудің туындағаны туралы Қарыз алушыны хабардар етудің бірыңғай нысанын бекіту;
- қарыз алушы оңалтуға бір рет (5 жылдан 3 жылға дейін)жүгіне алатын мерзімнің қысқаруы;
- банк клиенттерінің жазбаша өтініштеріне жауап беру тәсілдерін кеңейту.
Қаулының толық мәтінімен электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында: https://zan.gov.kz/client/#!/md/193019/kaz және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты төмендегі телефон арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 213
e-mail: press@finreg.kz
www.finreg.kz