«Коллекторлық агенттіктің сақтауға жататын негізгі құжаттарының тізбесіне және оларды сақтау мерзімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысын қабылдау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8 қаулысын қабылдады (бұдан әрі - Қаулы).
Қаулы коллекторлық агенттіктердің есеп айырысу рәсімінің берешегін сатып алған сәттен бастап 12 ай ішінде олардың жүргізілгенін растайтын құжаттарды, сондай – ақ кредитордың банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткен берешек туындаған күннен бастап қатарынан 24 ай ішінде Қарыз алушы-жеке тұлғаның мерзімі өткен берешегін реттеу жөніндегі рәсімдерді жүргізгенін растайтын құжаттарды сақтауды жүзеге асыру міндетін көздейді.
Қаулының толық мәтінімен электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында: https://zan.gov.kz/client/#!/md/193011/kaz және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты төмендегі телефон арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 213, e-mail: press@finreg.kz