Агенттік Басқармасының «Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын қабылдау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 82 «Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 6 қаулысын қабылдады (бұдан әрі - Қаулы).
Қаулы мыналарды көздейді:
1) қарыз алушының микроқаржы ұйымына мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуге өтініш беру мүмкіндігі;
2) микроқаржы ұйымының мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу жөніндегі талап белгіленбей қарыз алушының өтінішін қарауы;
3) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартудың бірыңғай нысанын бекіту;
4) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап жиырма төрт ай ішінде Қарыз алушының міндеттемесін төмендетуді, оның ішінде тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) толық жоюды қамтамасыз ететін шарттарда берешекті реттеу жөніндегі рәсімді коллекторлық агенттіктерге құқықтарды (талаптарды)басқаға беруге тыйым салу;
5) микроқаржы ұйымының Агенттікке тоқсан сайын қарыз алушылардың кредит беру шарттарын өзгертуге арналған өтініштерін қарау нәтижелері туралы ақпарат беру міндеті.
Қаулының толық мәтінімен электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында: https://zan.gov.kz/client/#!/md/193015/kaz және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты төмендегі телефон арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 213, e-mail: press@finreg.kz