Қазақстан банк секторының 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жай-күйі туралы

Қазақстан банк секторының 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын21 екінші деңгейдегі банкқұрайды, оның ішінде 12-і шетел қатысатын банк, оның ішінде 9 еншілес банк.

Банк секторыныңактивтеріағымдағы жылғы қыркүйекте0,5%-ға немесе0,2 трлнтеңгеге ұлғайып, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша41,7 трлн  теңгені құрады (жыл басынан бері өсім - 10,9% немесе4,1 трлн теңге). Активтердің өсуі несие портфелінің2,3%-ға немесе509 млрдтеңгегеұлғаюы нәтижесіндеорын алды. 

Өтімділігі жоғары активтер12,7 трлнтеңгені немесе активтердің30,5%-ын құрады, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Экономикаға кредиттер2022 жылғы қыркүйекте2,0%-ға өсіп, 21,1 трлнтеңгені құрады (жылдың басынан бері өсім – 14,1%-ға немесе 2,6 трлн теңге).

Ұлттық валютадағы кредиттер 2022 жылғы қыркүйекте 1,8%-ға,19,3 трлнтеңгеге дейінұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 4,4%- ға,1,8 трлнтеңгегедейін өсті.

Заңды тұлғаларға кредиттер2022 жылғы қыркүйекте1,3%-ға ұлғайып,8,0 трлнтеңгені құрады. Бұл ретте ағымдағы жылдың басынан бері осы көрсеткіштің өсуі3,6%-ды құрады (2021 жылғы осындай кезеңде – 3,9%-ға өсті). Ағымдағы жылғы қыркүйекте заңды тұлғаларға 988 млрд теңге сомаға қарыз берілді, бұл 2022 жылғы тамызбен салыстырғанда 1,5%-ға көп.

Ірі бизнеске қарыздар 2022 жылдың басынан бері2,7%-ға3,3 трлнтеңгеге дейін, ШОБ (ДК қоса алғанда) қарыздары6,8%-ға5,6 трлнтеңгеге дейін ұлғайды.

Салалар бойынша заңды тұлғаларға берілген кредиттердің негізгі үлесі өнеркәсіпке (34,1%), саудаға (21,4%), құрылысқа (7,6%) және көлікке (5,4%) тиесілі.

Жеке тұлғалардың кредиттері2022 жылғы қыркүйекте2,5%-ға ұлғайып,13,1 трлнтеңгені құрады (ағымдағы жылдың басынан бері
21,6%-ға өсті).

Жеке тұлғаларға кредиттердің өсуіне жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру нәтижесіндеипотекалық кредиттеудің 3,3%-ға4,3 трлнтеңгеге дейін ұлғаюы, сондай-ақтұтынушылық қарыздардың2,3%-ға7,2 трлнтеңгеге дейін өсуі себеп болды.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банк секторы бойынша NPL қарыздарының деңгейі802 млрдтеңгені немесе жалпы несие портфелінің3,6%-ын құрады (2022 жылғы 1 қаңтарда - 3,3% немесе 669 млрд теңге).

ШОБ-ты ескере отырып заңды тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі3,5%-дынемесе 349 млрд теңгені, жеке тұлғалардың портфелінде -3,7%-ды немесе  453 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу72,8%-ды құрайды.

Банктердіңменшікті капиталыағымдағы жылғы қыркүйекте0,7%-ға4,9 трлнтеңгеге дейін өсті. 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1)17,6%-ды, меншікті капитал (к2) –20,9%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы ықтимал тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.

Банк секторыныңміндеттемелері2022 жылғы қыркүйекте клиенттер салымдарының 4,1%-ға 29,4 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде0,7%-ға36,8трлн теңгеге дейін өсті (міндеттемелер құрылымындағы үлесі 80%). Ағымдағы жылдың басынан бері банктердің міндеттемелері                   11,1%-ға өсті.

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағыдепозиттері2022 жылғы қыркүйекте3,2%-ға29,2 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (жылдың басынан бері өсім - 7,6%). Заңды тұлғалардың депозиттері 4,2%-ға, 15,2 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері - 2,1%-ға, 13,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер 2022 жылғы қыркүйекте4,6%-ға18,8 трлнтеңгеге дейін, шетел валютасында депозиттер -0,7%-ға10,4 трлнтеңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойыншадолларлану деңгейі2022 жылдың басындағы36,0%-бен салыстырғанда35,6%-ды құрады.

Базалық мөлшерлеменің артуы аясында қорландыру құны ұлғаяды. Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы қыркүйекте 12,4% (2021 жылғы желтоқсанда – 7,4%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 12,2% (2021 жылғы желтоқсанда – 8,0%) құрады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы  

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты