Қазақстан микроқаржыландыру нарығының 2022 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі туралы

Қазақстан микроқаржыландыру нарығының 2022 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі туралы

 

2022 жылғы 1 шілдеде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ)активтері2022 жылғы 2-тоқсанда10%-ғаөсіп (жыл басынан бері өсу – 17,6%),1,8 трлнтеңге болды. Активтердің ұлғаюы негізінен 50 АЕК-ке дейінгі сомадағы қысқа мерзімді микрокредиттер сегментінде кредиттік портфельдің өсуіне байланысты болды.

МҚҚЖҰ құрылымында активтердің басым үлесі –997 млрдтеңге немесе54%-ымикроқаржы ұйымдарына,608 млрдтеңге немесе
33%-ыкредиттік серіктестіктерге,240 млрдтеңге немесе13%-ыломбардтарға тиесілі.

МҚҚЖҰнесие портфелі2022 жылғы 2-тоқсанда, негізінен, жеке тұлғаларға берілген қарыздардың өсуі нәтижесінде 106 млрд теңгеге немесе 7%-ға (жыл басынан бері өсу – 19%)ұлғайып,1,6 трлнтеңгені құрады.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жеке тұлғаларға берілген қарыздар көлемі 2022 жылғы 2-тоқсанда8%-ғаұлғайып,1,2 трлнтеңгені құрады. Оның ішінде дара кәсіпкерлерге берілген қарыздар7,4%-ға211,1 млрдтеңгеге дейін өсті.

Заңды тұлғаларға берілген қарыздар 2022 жылғы 2-тоқсанда2,7%-ға418,5 млрдтеңгеге дейін ұлғайды, 2022 жылдың басынан бері өсім 21,7%-ды құрады.

МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың (NPL) деңгейі 2022 жылғы 1 шілдеде5,4%-ды
(2022 жылғы 1 қаңтарда – 4,5%) құрады.

Жеке тұлғалар портфеліндегі NPL деңгейі7%-ды(2022 жылғы
1 қаңтарда – 5,8%) құрады. Жеке тұлғаларға берілетін қарыздар сапасының нашарлауы, негізінен, 50 АЕК дейінгі сомадағы қысқа мерзімді микрокредиттер сегментінде байқалады.

Заңды тұлғалар портфеліндегі NPL деңгейі ағымдағы жылдың басынан бастап 0,2 п.т.-ға аздап төмендеп,0,5%-ды(2022 жылғы
1 қаңтарда NPL деңгейі 0,7%-ды құрады) құрады.

МҚҚЖҰміндеттемелері2022 жылғы 2-тоқсанда12,5%-ғанемесе135,6 млрдтеңгеге ұлғайып, 2022 жылғы 1 шілдеде1,2 трлнтеңгені (жыл басынан бері өсу – 21%) құрады. Жиынтық міндеттемелер МҚҚЖҰ міндеттемелерінің құрылымында үлесі81%-дынемесе986 млрдтеңгені құрайтын тартылған қарыздардың 13%-ға немесе 113,5 млрд теңгеге ұлғаюының нәтижесінде өсті.

2022 жылғы 2-тоқсанның қорытындысы бойынша МҚҚЖҰменшікті капиталы5,4%-ға ұлғайып,628,1 млрдтеңгені (жыл басынан бері өсу – 10,7%) құрады. Бұл көрсеткіштің өсуі бөлінбеген таза пайданың16,1 млрдтеңгеге немесе7,1%-ғаұлғаюымен қамтамасыз етілді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090,press@finreg.kz