2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс қорытындылары туралы

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс қорытындылары туралы

 

2022 жылғы шілдеде  ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметі негізінен қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайту үшін оларға жәрдемдесу және шаралар қабылдау туралы өтініштерін қараумен байланысты болды.

Есепті айда Агенттік банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің және сақтандыру мен бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың2 478 өтінішін қарады, бұл 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда55%-ға аз.

Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына тиесілі (екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар), ол өтініштердің жалпы санының74,1%-ынқұрады. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштер өтініштердің жалпы санының 10,5%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің – 3%-ын, коллекторлық агенттіктердің – 2%-ын, өзге де ұйымдардың – 10%-ын құрады.

2022 жылғы шілдеде екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың әрекеттерінде анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтар бойынша Агенттік 3 ұсынымдық қадағалау шарасын, 1 жазбаша ұйғарым және  әкімшілік құқық бұзушылық туралы 15 хаттама бойынша жалпы сомасы4,8млн теңгеге13 әкімшілік жаза қолданды:

- екінші деңгейдегі банктер – 3 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 хаттама бойынша жалпы сомасы 2,4млнтеңгеге5әкімшілік жаза;

-           сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары – әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 хаттама бойынша0,3 млнтеңгеге 1 әкімшілік жаза;

-           коллекторлық агенттіктер – әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 хаттама бойынша жалпы сомасы1,4 млнтеңгеге5әкімшілік жаза;

-           микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар – 1 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 хаттама бойынша жалпы сомасы0,7 млнтеңгеге 2 әкімшілік жаза.

2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыздар алған қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтауға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының бірінші бөлігінің шеңберінде банктер 2022 жылғы бірінші жартыжылдықта209 млрдтеңгеге қайта қаржыландыруға30 202өтінімді мақұлдады.186,1 млрдтеңгеге29 271қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдан бастап27,94 млрдтеңге сомаға2 552қарыз қайта қаржыландырылды.

         Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 2020 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауды аяқтады. Бағдарламаның бірінші және екінші бөліктерін іске асыру кезеңінде банктер 222,6 млрд теңгеге 27 202 валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды жүргізді.

         Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер ХӘОТ санаты бойынша қарыздары Бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу түріндегі қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банк балансында тұрған жалғыз тұрғын үйді қарыз алушының меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізуде.Халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан шамамен 8,6 мың қарыз алушыға жалпы сомасы 53,5 млрд теңгеге қосымша көмек көрсетілді.Қалған 700 ХӘОТ –қарыз алушы 2022 жылғы 1 қазанға дейін қолдау шараларымен қамтылады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz