Микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба негізгі борышқа микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті, сыйақыны және қарыз алушы-жеке тұлғаның келісімін алмай нотариустың атқарушы жазбасы негізінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алу мүмкіндігін жоюды, сондай-ақ жеке тұлғаны жылдық пайызбен сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері немесе сыйақының мәні, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері (нақты құны) туралы хабардар етуді көздейді және микрокредит беру туралы шарт жасасқанға дейін микрокредит бойынша артық төлем сомасын қамтиды.

Жоба құқық қолданушылардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариустың атқарушы жазбасы негізінде микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өндіріп алу кезінде құқық нормаларын екі жақты түсіндіруін болдырмау, сондай-ақ азаматтарды микрокредиттің нақты құны туралы хабардар ету мақсатында әзірленді.

Қаулы жобаларының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14735625.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz