Қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша Агенттік Басқармасы қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттік мынадай қаулылардың жобаларын әзірледі:
- «Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (бұдан әрі – Жоба).
Жоба коллекторлық агенттіктердің қарыз алушы жеке тұлғаның мерзімі өткен берешегін реттеу бойынша кредитордың рәсім жүргізгенін растайтын борышкерлердің құжаттарын сақтау және құқықтары (талаптары) коллекторлық агенттіктерге берілген банктік қарыз шарттары мен микрокредит беру туралы шарттар бойынша берешекті реттеу жөніндегі ықтимал дауларды болдырмау жөніндегі рәсімді регламенттеу мақсатында әзірленді.
Түзетулер банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықты (талапты) беру нәтижесінде туындаған өз құқықтарын іске асыратын коллекторлық агенттіктердің бастапқы кредитордың қарыз алушы жеке тұлғаның мерзімі өткен берешегін берешек туындаған кезден бастап қатарынан
18 ай ішінде реттеу жөніндегі рәсімдерді жүргізгенін растайтын құжаттарды сақтау мақсатында әзірленді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14688448 сілтемесі бойынша және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
- «Бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» (бұдан әрі - Жоба).
Жоба нарықтағы бәсекелестікті арттыру және зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушылардың меншікті капиталын қалыптастыруға пропорционалды тәсілді қолдану мақсатында әзірленді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14730270 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz