2022 жылғы 1 мамырдағы Қазақстанның банк секторының жай-күйі туралы

2022 жылғы 1 мамырдағы Қазақстанның банк секторының жай-күйі туралы

 

 

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында22екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 14 банк шет елдің қатысуымен, оның ішінде 11 еншілес банк.

Банк секторының жиынтық активтері 2022 жылғы сәуірде негізінен ҚРҰБ-да орналастырылған корреспонденттік шоттар мен салымдардағы қалдықтардың 12%-ға немесе 737 млрд теңгеге төмендеуі есебінен1,6%-ға азайды. 2022 жылғы 1 мамырда активтер37,18 трлнтеңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің шамамен11,05 трлнтеңгені немесе активтердің29,7%-ын құрайтын жоғары өтімді активтерінің елеулі қоры бар. Бос өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банк секторының міндеттемелері сәуір айында негізінен клиенттер салымдарының 2,9%-ға азаюы есебінен1,9%-ға төмендеді және 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша32,51 трлн теңгеніқұрады. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 76,8%-ын немесе24,96 трлнтеңгені құрайтын депозиттік портфельмен ұсынылған.

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) –18,1%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) –21,8%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамада белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түседі.

2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында банктердің таза пайдасы          375 млрдтеңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға төмен. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2022 жылғы 1 мамырда3,5%-ды (2021 жылғы 1 мамырда – 2,9%), капиталдың рентабельділігі (ROE) –28,7%-ды (2021 жылғы 1 мамырда – 22,4%) құрады.

Экономикаға кредиттер 2022 жылғы сәуірде 0,9%-ға ұлғайып,              19,4 трлнтеңгені құрады. 2022 жылғы сәуірде жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1,9%-ға11,38 трлнтеңгеге дейін ұлғайды, ал заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,5%-ға8,02 трлнтеңгеге дейін азайды.

Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 2022 жылғы сәуірде      17,64 трлнтеңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттердің көлемі1,76 трлнтеңгеге дейін 5,6%-ға, негізінен теңгенің айырбастау бағамының4,6%-ға (1 АҚШ доллары үшін 467 теңгеден 445,6 теңгеге дейін) нығаюы нәтижесінде өсті. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2022 жылғы мамырда90,9%-ды құрады.

2022 жылғы  сәуірде1,88 трлнтеңгеге жаңа кредиттер берілді, бұл 2022 жылғы наурызға қарағанда0,7%-ғатөмен.

2022 жылғы сәуірдің қорытындылары бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 33,4%), сауда (23,4%), құрылыс (8,0%) және көлік (5,6%) сияқты салаларға тиесілі. Басқа салаларға кредиттердің          29,6%-ы тиесілі.

2022 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі15,2%-ды (2022 жылғы наурызда – 14,5%), жеке тұлғаларға –17,3%-ды (2022 жылғы наурызда – 18,0%) құрады.

2022 жылғы сәуірдің қорытындылары бойынша  90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі кредиттік портфельдің жалпы көлемінің3,6%-ын құрады (2022 жылдың басында  - 3,3%).

ШОБ-ты есепке алғанда, заңды тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі                            3,6%(2022 жылғы қаңтарда – 3,4%). Жеке тұлғалардың портфелінде –3,8%-ды (2022 жылғы 1 қаңтарда – 3,5%) құрады.

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен жабу деңгейі74,4%-ды құрады.

 

 Сыртқыкоммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz

Қызмет бағыты