Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2022 жылғы ақпандағы жұмыс қорытындылары туралы

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2022 жылғы ақпандағы жұмыс қорытындылары туралы

2022 жылғы ақпанда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі қызметі, негізінен, қарыз алушылардың олардың борыш жүктемесін азайту, оның ішінде Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде азайту, сондай-ақ «кредиттік рақымшылық» бойынша жәрдем көрсету және шаралар қабылдау туралы өтініштерін қараумен байланысты болды.

Есепті айда Агенттік қаржы ұйымдарының, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) және коллекторлық агенттіктердің қызметімен байланысты жеке және заңды тұлғалардың2090 өтінішінқарады, бұл өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 32%-ға көп.

Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар) келіп түсті, ол өтініштердің жалпы санының75%-ынқұрады. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өтініштер жалпы санының15%-ын, сақтандыру нарығы субъектілерінің – 1,5%-ын, коллекторлық агенттіктердің – 3,5%-ын, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің – 1%-ын, өзге де ұйымдардың - 4%-ын құрады.

2022 жылғы ақпанда Агенттік екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ), коллекторлық агенттіктер мен МҚҚЖҰ-ның әрекеттерінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтады.  9 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, 20 жазбаша ұйғарым және 31 хаттама бойынша жалпы сомасы9,14 млнтеңгеге 16 әкімшілік жаза қолданылды. Атап айтқанда, мыналарға қатысты:

1) ЕДБ – 8 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 3 хаттама бойынша жалпы сомасы1,22 млнтеңгеге 1 әкімшілік жаза;

2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар – 1 ұсынымдық қадағалап ден қою шарасы;

3) коллекторлық агенттіктер – 3 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 3 хаттама бойынша жалпы сомасы513,4 мыңтеңгеге  3 әкімшілік жаза;

4) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар – 17 жазбаша ұйғарым, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 25 хаттама бойынша жалпы сомасы7,4 млнтеңгеге  12 әкімшілік жаза.

2004-2009 жылдар аралығында кезеңде ипотекалық қарыздар алған қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтап қалуға бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасының бірінші бөлігі шеңберінде банктер 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша193,1 млрдтеңге сомаға қайта қаржыландыруға29 934өтінімді мақұлдады,183 млрдтеңге сомаға28 989қарыз қайта қаржыландырылды, оның ішінде 2020 жылдан бастап24,5 млрдтеңгеге2 239қарыз қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаның екінші бөлігі шеңберінде банктер 2020 жылғы желтоқсанда 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айырбастауды аяқтады. Бағдарламаның бірінші және екінші бөліктерін іске асыру кезеңінде банктер 222,6 млрд теңге сомаға 27 202 валюталық ипотекалық қарызды айырбастауды жүргізді.

Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде банктер 2021 жылғы желтоқсанда ХӘОТ санаты бойынша қарыздары Бағдарлама шеңберінде бұрын қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыз алушыларға қарыз алушының берешегін азайту және өтеудің жеңілдетілген кестелерін белгілеу түріндегі қосымша көмек көрсету, сондай-ақ банк балансындағы жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару бойынша жұмысты аяқтады. Халықтың әлеуметтік осал тобы санатындағы шамамен 8  мың қарыз алушыға 50,9 млрд теңгеге қосымша көмек көрсетілді.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz