«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 138 қаулысы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы 2026 жылғы 30 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 138 қаулыны қабылдады.

Қаулы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, қолданыстағы актілердің жекелеген ережелерін өзектендіру және нақтылау мақсатында әзірленді.

Қаулы банк қызметін пруденциялық реттеуді өзектендіру және жетілдіру, қайталанатын және өзектілігін жоғалтқан талаптарды жою, жекелеген пруденциялық талаптардың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару тиімділігін арттыру, исламдық қаржыландыру мен цифрлық қаржы құралдарын дамыту, сондай-ақ жекелеген талаптарды ҚР заңнамасына сәйкес келтіру көзделеді.

Құжаттың толық мәтінімен Агенттіктің интернет-ресурсында танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Қызмет бағыты